Географиялық көрсеткіштер (GI's) географиялық тегіне байланысты ерекшелігі немесе белгілі бір беделі бар қорғалған атаулар мен белгілер. Олар ауылшаруашылық өнімдері мен азық-түлік өнімдері, алкогольді сусындар мен шараптар сияқты т.б өнімдерді қорғай алады.
Географиялық көрсеткіштер өнімнің шығу тегіне байланысты имитацияның немесе қателіктің алдын алады. Бұл өз кезегінде тұтынушыларға тіркелген белгімен өнім сатып алғанда шығу тегі туралы кепілдік береді. Географиялық көрсеткіштер әдетте белгілі бір географиялық өндірушіге нақты өндіру шарттарын сақтағанда тиесілі болады.
Географиялық көрсеткіштің ең айқын көрінісі—Шампан. Әлемге әйгілі алкоголь сусыны мен оның беделі нағызшампан жасау үшін қолданылатын Шампань аймағынан шыққан француз жүзіміне тән. Сәйкесінше тек қана Шампань аймағынан шыққан көпіретін шарап қана “Шампан” ретінде қапталып, сатыла алады, яғни басқа аймақтардың жүзімінен жасалған газдалған шараптар қорғалған терминді қолданбауы керек.
Географиялық көрсеткіштер бірнеше тәсілмен және ұлттық юрисдикция заңнамасына сәйкес қорғалады. Жалпы ереже бойынша, өнімді шетелде географиялық көрсеткіш ретінде қорғау үшін оны алдымен шыққан жерінде қорғау керек. Зияткерлік меншікті қорғаудың тағы да бір түрі—бірегей\арнайы қорғау режімдері немесе sui generis қорғау жүйелері. Осы жолдармен қорғалған географиялық көрсеткіштің белгілі мерзімі жоқ, бұл географиялық көрсеткіш жойылғанға дейін жарамды дегенді білдіреді.
Географиялық көрсеткішті қорғаудың тағы бір түрі 10 жылға жарамды ұжымдық немесе сертификаттау белгілерін пайдалану арқылы тауар таңбаларын қорғау. Осы екі қорғау жолы келісілген стандартқа сәйкес географиялық аймақта жұмыс істейтін өндірушілер үшін ұжымдық пайдалану құқықтарын береді.
Жосықсыз бәсекелестік туралы заңдар, сондай-ақ ЕО сапа схемалары сияқты географиялық көрсеткіш схемалары өндірушілер үшін географиялық орналасуына байланысты бірегей өнімдерін қорғаудың жақсы мүмкіндігі болуы мүмкін.
Жоғарыда көрсетілген қорғау әдістерінің әрқайсысы географиялық көрсеткішті қорғау шарттарымен немесе олардың қолданылу аймағымен ерекшеленеді және юрисдикцияға байланысты ортақ қолданылуы мүмкін.
Өнім шығарылған аймақтың атауы шығарылған жеріне сілтеме беретін өнімдерді қорғау амалы болуы мүмкін. Аймақтық атау географиялық көрсеткіштің шығарылған жері мен өнімнің арасындағы сапалы байланысты көрсететін ерекше түрі. Өнімді аймақтың атауымен қорғау географиялық көрсеткішке қарағанда тереңірек байланысты қажет етеді, себебі өнімнің сапасы немесе сипаттамалары географиялық шығу тегіне байланысты болуы мүмкін. Географиялық көрсеткішті аймақтық атау сияқты Лиссабон жүйесі арқылы да алуға болады, оның көмегімен жүйеге қатысушы барлық мүше мемлекеттерді қамтитын бір халықаралық өтінім берілуі керек. Мысалы, Шампан атауы 1967 жылдан бастап Лиссабон шарты бойынша өнімнің географиялық көрсеткіші ретінде қорғалған.