МИХАЙЛЮК, СОРОКОЛАТ ЖӘНЕ СЕРІКТЕСТЕР

Патенттік тексерілгендер
Қазақстан Республикасында өнеркәсіптік үлгініпатенттеу

Қазақстан Республикасында өнеркәсіптік үлгініпатенттеу

Қазақстан Ресубликасының заңнамасына сәйкес өнеркәсіптік үлгіге бұйымның сыртқы түрiн айқындайтын өнеркәсіптік немесе қолөнер кәсібі өндірісі бұйымының көркем-конструкторлық шешiмі жатады.

Өнеркәсiптiк үлгiнің патенттік қабілеттілік шартына жаңа, бiрегейлік жатады.


ӨНЕРКӘСІПТІК ҮЛГІНІ ПАТЕНТТЕУ КЕЗЕҢДЕРІ

1. Өтінім беру және рәсімдеу

Қазақстанда өнеркәсіптік үлгіні тіркеуге өтінім оны дайындаған кезде заңнамалық актілерге сәйкес барлық шарттарды сақтай отырып, ұлттық патенттік ведомствоға берілуі керек.

Қазақстанда өнеркәсіптік үлгіге патент алу өтінімі бір өнертабыстық ойға біріктірілген өнеркәсіптік үлгінің бірнеше нұсқасына қатысты болуы мүмкін екенін айта кеткен жөн.

Біздің компанияның мамандары 10-15 жұмыс күні ішінде өнеркәсіптік үлгіге патент алу өтінімін дайындайды және ведомствоға тапсырады. Өтінім жазу үшін бізге мына құжаттар қажет:

  • Автор және өтінім беруші жайлы мәліметтер
  • Өнеркәсіптік үлгінің электронды түріндегі кескіні

2. Жалпы сараптама

Жалпы сараптамада өтінімге қажет құжаттардың барлығы, оның ішінде өтінім тапсыру үшін төленген баж төлемін растайтын құжат, сонымен қатар олардың өтінім шарттарына сәйкестігі тексеріледі.

Жалпы сараптама нәтижесі бойынша өтінім берушіге оның аяқталғаны және мәні бойынша сараптама жүргізуге болатыны туралы хабарлама жіберіледі.

3. Мәні бойынша сараптама

Өтінім берушіге мәні бойынша сараптама жасауға болатыны туралы хабарлама жібергеннен кейін 3 ай ішінде Ведомствоға оны жүргізу жайлы арнайы өтініш пен сәйкес баж төлемін растайтын құжат жіберілуі керек.

Мәні бойынша сараптама кезінде өнеркәсіптік үлгінің патенттік қабілеттілік белгілері тексеріледі, атап айтқанда: жаңа және бірегейлігі. Ол үшін Ведомство көркемдік-конструктивті шешім деңгейін зерттеу мақсатында ақпараттық іздеу жүргізеді.

Мәні бойынша сараптама нәтижесінде өнеркәсіптік үлгіні тіркеу немесе тіркеуден бас тарту туралы шешім шығарылады, содан кейін өтінім берушіге тиісті хабарлама жіберіледі.

4. Мемлекеттік тіркеу және патент беру

Мәні бойынша оң сараптама нәтижесін алған жағдайда өтінім берушіден шешім жіберілген күннен бастап 3 ай ішінде ведомствоға патентті дайындау және оны жариялау үшін баж төлемін растайтын құжат келуі керек.

Өтінім берушіге, авторлардың санына қарамастан, өнеркәсіптік үлгі патенті түпнұсқасының бір данасы табысталады. Сонымен қатар Ведомство авторлардың әрқайсысына авторлық куәлік береді.

Қазақстанда өнеркәсіптік үлгі патенті 31 қаңтар 2012 жылдан кейін берілген өтінімдер үшін өтінім берілген күннен бастап 15 жыл бойы күшін жоймайды. Бұл мерзім 5 жылдан артық емес уақытқа ұзартылуы мүмкін. Осылайша, өнеркәсіптік үлгі патентін қорғау мерзімінің ең ұзақ уақыты 20 жыл.

Қазақстанда өнеркәсіптік үлгі патенті 31 қаңтар 2012 жылға дейін берілген өтінімдер үшін өтінім берілген күннен бастап 10 жыл бойы күшін жоймайды. Бұл мерзім 5 жылдан артық емес уақытқа ұзартылуы мүмкін. Осылайша, өнеркәсіптік үлгі патентін қорғау мерзімінің ең ұзақ уақыты 15 жыл.

«Михайлюк, Сороколат және серіктестер» компаниясының мамандары Қазақстан аумағында зияткерлік меншікті қорғау және тіркеу бойынша қызметтің толық түрін ұсынады. Біз өтінім бойынша қызмет көрсету барысында өтінім берушіден алынған мәліметтердің құпиялылығына кепілдік береміз.