Қазақстанда алынған өнертабысқа патент зияткерлік меншік объектісін тек Қазақстан Республикасының аумағында құқықтық қорғауды ұсынады. Егер басқа мемлекеттердің аумағында өнертабысты қорғау қажет болса, тиісті елге немесе аймаққа патент беруге өтінім беру керек.
Клиенттердің жиі қоятын сұрақтарының бірі - "Дүниежүзілік патент" алу рәсімі мен құны. Өз кезегінде, әлемнің барлық елдерінің аумағында әрекет ететін бірыңғай патент алу рәсімі жоқ екенін атап өтеміз. Сонымен қатар, егер мұндай рәсім болса, онда ол өте қымбат және әрдайым құнын ақтамас еді. Барлық патенттеу рәсімі үшін төлем жасаудан басқа, өнертабысты пайдалану немесе пайдаланбау фактісіне қарамастан, патентті әр мемлекеттің аумағында күшінде ұстау тұру үшін жыл сайынғы баждарды төлеу қажет болады.
Қазақстан заңнамасына сәйкес өнертабысқа өтінім бастапқыда Ұлттық патенттік ведомствоға берілуі тиіс. Бұл мемлекеттік органдардың шетелге тапсырылатын өтінімде мемлекеттік құпияға қатысты ақпараттың жоқ екеніне көз жеткізу қажеттігімен түсіндіріледі.
Сондай-ақ шет мемлекеттерге патент алуға өтінім беру мерзімін сақтау шетелде патенттеудің маңызды шарты болып табылады. Қазақстан заңнамасына сәйкес өнертабысқа өтінім басқа мемлекеттерге/өңірлерге бірінші (басым) өтінім берілген күннен бастап 12 ай ішінде берілуі тиіс.
ШЕТЕЛДЕ ПАТЕНТТІ ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ
Қазіргі уақытта шетелде өнертабысқа патент алудың 2 рәсімі бар, атап айтқанда, ұлттық және аймақтық рәсімдер.
Шетелде патенттеудің ұлттық рәсімі
Мұндай патенттеу рәсімі бір немесе бірнеше елдерде зияткерлік меншік объектілерін экспорттауды немесе өндіруді жоспарлайтын өтінім берушілер үшін тиімді болады. Ұлттық рәсімнің кемшілігі—осы елдердің әрқайсысында патенттік адвокаттардың ресми баждары мен қызметтерін төлеуге кететін үлкен шығындар.
Шетелде патенттеудің аймақтық рәсімі
Егер өтінім беруші аймақтың патент беру көзделген елдердің аумағында өзінің өнертабысын қорғауға мүдделі болса, патент алудың аймақтық рәсімі орынды болады. Мұндай рәсімнің артықшылықтары:
- бірыңғай өтінімді орталықтандырылған түрде беру және бір аймақтық ведомствоға ресми баждарды төлеу;
- бір патенттік сенім білдірілген өкілдің қызметтеріне ақы төлеу.
Аймақтық ведомстволарға мыналар жатады:
- Еуропалық ведомство (EPO) - 38 қатысушы ел;
- Еуразиялық ведомство (EAPO) – 8 қатысушы ел, оның ішінде Казақстан;
- Африка ведомстволары (ARIPO және OAPI) – сәйкесінше 19 және 17 мүше елдер.
Сонымен қатар, патенттік кооперация туралы Шартқа сәйкес РСТ халықаралық өтінімін беру рәсімі бар.
Бұл рәсім Швейцарияның Женева қаласындағы Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымына (ДЗМҰ) бір өтінім беруді көздейді. Алайда, патенттік кооперация туралы шартқа қатысушы елдердің аумағында патенттік қорғауды алу үшін оны 30/31 ай ішінде тиісті елдердің ұлттық/аймақтық фазаларына ауыстыру қажет.
Осылайша, РСТ өтінімі бірқатар артықшылықтар беретін патенттеу кезеңі болып табылады:
- ДЗМҰ - ға бір тілде орталықтандырылған өтінім беру;
- қорғауды алу қажет елдердің тізіміне қатысты салмақты шешім қабылдау немесе өз өнертабысының патентке қабілеттілігіне және одан әрі материалдық шығындардың орындылығына тағы бір рет көз жеткізу — 30/31 айды құрайтын ұзақ мерзім.
Қазіргі уақытта 150-ден астам ел патенттік кооперация туралы Шартқа қол қойды, бірақ бұл өтінім берушіні патентті барлық қатысушы елдердің аумағында тіркеуге міндеттемейді. Барлық елдер тізімінен тек өтінім берушіні қызықтыратындарын таңдауға болады.
Жоғарыда айтылғандардан, егер өтінім беруші көптеген елдерде өзінің зияткерлік меншік объектісін іске асыруға мүдделі болса, РСТ-ға өтінім беру ұтымды деп қорытынды жасауға болады.