МИХАЙЛЮК, СОРОКОЛАТ ЖӘНЕ СЕРІКТЕСТЕР

Патенттік тексерілгендер
Қазақстан Республикасында тауар таңбаларын тіркеу

Қазақстан Республикасында тауар таңбаларын тіркеу

Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес тауар таңбасы ретінде бейнелеу, сөз, көлем белгiлерi және өзге де белгiлер немесе бiр тұлғалардың тауарлары мен қызметтерiн басқа тұлғалардың бiртектес тауарларынан немесе қызметтерiнен ажыратуға мүмкiндiк беретiн олардың аралас үлгiлерi кез келген бояулы түсте немесе бояулы түстер үйлесiмiнде тіркелуі мүмкiн.

Тауар таңбасын тіркеу аумақтық сипатқа ие екенін айта кеткен жөн. Демек, егер таңба Қазақстанда тіркелсе, ол тек қана осы мемлекеттің аумағында қорғалады. Егер тауар таңбасын бірнеше мемлекетте немесе тұтас аймақта тіркеу қажет болса, өтінішті сәйкес аймаққа немесе халықарлық ведомствоға берген орынды.

Тауар таңбасының иесі оны куәлікте көрсетілген тауарлар және/немесе қызметтерге қатысты өз қалауына қарай пайдалану құқына ие.


ҚАЗАҚСТАНДА ТАУАР ТАҢБАЛАРЫН ТІРКЕУ КЕЗЕҢДЕРІ

1. Бірдей және ұқсас белгілерді іздеу

Қазақстанда бұрынырақ тiркелген немесе тіркеуге тапсырылған дәл сондай және біртектес тауарлар/немесе қызметтер үшін бірдей немесе шатастыратын ұқсас белгілері бар тауар таңбалары тіркелуге жатпайды.

Өтініш берудің алдында сараптама кезеңінде тіркеуден бас тарту ықтималдығын алдын ала азайту және қажет болса, үлгіге өзгерістер енгізу мақсатында мәлімделетін тауар таңбасын бірдей немесе ұқсас белгілерге тексеру ұсынылады.

Сіз біздің сайтта тауар таңбасының бірдей немесе ұқсас белгілеріне онлайн-тексеру жүргізе аласыз немесе біздің мамандарға толық тексеріс жүргізуге тапсырыс берсеңіз болады. Толық тексерістің нәтижесі Сіздің таңбаңыздың тіркелуіне кедергі болуы мүмкін қолданыстағы тауар таңбалары туралы егжей-тегжейлі есеп болып табылады.

Тауар таңбасын онлайн тексеру

2. Өтінім беру және рәсімдеу

Тауар белгісін тіркеуге өтінім Қазақстан Республикасының Ұлттық зияткерлік меншік институтына барлық заңнамалық талаптарға сәйкес беріледі.

Өтiнiм бiр тауар таңбасына қатысты болуы тиіс және оның бірнеше нұсқасы болмауы керек.

Қазақстанда тауар таңбасын тіркеуге өтінім беру үшін мына құжаттар қажет:

  • Тауар таңбасының кескіні
  • Өтінім беруші туралы мәліметтер
  • ТҚХЖ класы бойынша топталған тауарлар және/немесе қызметтер тізімі

3. Алдын ала сараптама

Алдын ала сараптаманы Ұлттық зияткерлік меншік институты бір ай ішінде жүргізеді. Бұл кезеңде өтінім беруге қажет құжаттардың толық болуы, оның ішінде сараптама өткізу үшін төленетін баж төлемін растайтын құжат та бар, сонымен қатар өткізілген құжаттардың жалпы шарттарға сәйкестігі тексеріледі.

Алдын ала сараптамадан кейін өтінім берушіге өтінімнің қарауға қабылданғаны туралы хабарлама жіберіледі.

4. Толық сараптама

Толық сараптама өтінім берілген күннен бастап алты-жеті айға созылады. Бұл сараптама барысында таңбаның заңнамаға сәйкестігі, дәлірек айтқанда, тіркеуден бас таруға негіздің бар-жоғы тексеріледі.

Толық сараптама аяқталғаннан кейін тауар таңбасын тіркеу немесе тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылданып, өтінім берушіге хабарлама жіберіледі. Сонымен қатар, сараптама жүргізу нәтижесінде тауар таңбасын ішінара тіркеу туралы, басқаша айтқанда, алдыңғы өтінімдегі тауарлар және/немесе қызметтерге қатысты шешім қабылдануы мүмкін.

5. Мемлекеттік тіркеу және куәлік беру

Сараптаманың оң шешімін алған соң өтінім беруші Ұлттық зияткерлік меншік институтына сараптама өткізу, жариялау мен тауар таңбасына берілетін куәлік үшін баж төлемін растайтын құжатты тапсырады.

Өтінім берушілердің санына қарамастан куәліктің бір данасы беріледі.

Қазақстанда тауар таңбасын тіркеудің жарамдылық мерзімі өтінім берілген күннен бастап 10 жыл және баж төлемі шартына сәйкес мерзімін ұзарту саны шексіз болуы мүмкін.

«Михайлюк, Сороколат және серіктестер» командасының мамандары Қазақстанда зияткерлік меншікті қорғау және тіркеу бойынша толық қызмет ұсынады. Біз өтінім берушіден алынған барлық мәліметтердің құпиялылығына кепілдік береміз.