Зияткерлік меншік бизнестің өсуі мен брендтің танымалдығы үшін өте маңызды, бірақ неден бастау керегін білуу, әсіресе шағын және орта бизнес (ШОБ) үшін қиын болуы мүмкін. 2019 жылы EUIPO және EPO зерттеуі кем дегенде бір зияткерлік меншік құқығына өтінім берген орта және шағын бизнестің өсу ықтималдылығы 21%-ға, ал патенттердің, тауар таңбаларының және дизайндардың жиынтығы берілсе, 33%-ға дейін жоғары болатынын анықтаған. Сонымен орта және шағын бизнес бұған қалай қарайды?
Компанияны бәсекелестерден ерекшелейтін маңызды элементтердің бірі—брендинг. Адамдарды тартатын және сенім арттыратын ұраны немесе логотипі бар бренджасау—бәсекелестерден ерекшеленетін беделді шағын және орта бизнеске айналу жолындағы күрестің маңызды бөлігі. Жосықсыз бәсекелестіктен қорғау, басқаларға ұқсас немесе бірдей белгілерді қолдану, басқа брендтің тауар таңбасына еліктеу арқылы тұтынушыларды жаңылыстыру немесе басқа компанияның жақсы беделінен заңсыз пайда алуды болдырмау үшін орта және шағын бизнестің тауар таңбасын тіркеу өте маңызды
Шағын және орта бизнес кәсірпорындарының көптігін ескере отырып, табыстарына әсер етуі мүмкін озық технологияларды қорғау үшін маңызды. 2020 жылы EPO-ға берілген Еуропадан келген барлық патенттік өтінімдердің шамамен 18%-ы шағын және орта бизнес өкілдері немесе жеке тұлғалар берген, олардың көпшілігі бизнес алпауыттары болса да, шағын компаниялар бұл үрдіске қосылатынын көрсетеді. Алайда, жаһандануға байланысты көптеген юрисдикцияларда патенттерді қорғау барған сайын коммерциялық қажеттілікке айналуда, бұл өтінім тапсырғанда шағын бизнес төлей алмайтын қомақты баждарды тудыруы және оны төлеуді міндеттеуі мүмкін. Екінші жағынан, тауашалық инновациялар меншіктің, тиімді лицензиялаудың және болашақта айтарлықтай патенттік портфельді алуға бейімділіктің пайдасын көру үшін бастапқыда қомақты қаражат жұмсауға тұрарлық болуы мүмкін. Осылайша, қандай инновацияларды қорғауға басымдық беру керектігін бағалау шағын және орта бизнес үшін тиімді болуы мүмкін, бұл бизнестің барлық өнертабыстарын патенттеу сияқты үлкен шығындарды қажет етпейді және ұзақ мерзімді перспективада өз жемісін бере алады.
Егер бірегей дизайн дұрыс жасалса, брендті бәсекелестерінен батыл түрде ерекшелендіре алады. Мысалы, егер орындық бәсекелестеріне қарағанда эргономикалық түрде жасалған болса, тұтынушылар жақсырақ дизайнды таңдайтыны сөзсіз. Мұндай дизайнды басқа компаниялардың еліктеуінен қорғау үшін өнеркәсіптік дизайн құқығы шағын және орта бизнес үшін тиімді болуы мүмкін, өйткені олар бизнестің және олардың өнімдерінің беделіне айтарлықтай үлес қоса алатын тұтынушыға бағытталған IP бөлігі ретінде ұсынылуы мүмкін.
Егер сіз шағын және орта бизнестері үшін IP туралы көбірек білгіңіз келсе, бізге хабарласыңыз.