МИХАЙЛЮК, СОРОКОЛАТ ЖӘНЕ СЕРІКТЕСТЕР

Патенттік тексерілгендер
Зияткерлік меншікті ортақ иелену
05 ақпан 2024

Зияткерлік меншікті ортақ иелену

Брендтің фирмалық логотиптерінен патенттелген өнертабыстарға дейінгі зияткерлік меншік көбінесе жеке тұлғалардың, кәсіпорындардың, академиялық мекемелердің және сол сияқтылардың бірлескен жұмысының нәтижесі болып табылады. Зияткерлік меншікті ортақ иелену пайдалы болғанымен, бірден артық құқықты қорғауға өтінім беру қажеттігі туындайды және ол бірнеше жағдайларды ескеруді талап ететін тәуекелдермен қатар жүреді.

 

Зияткерлік меншікті ортақ иеленудің нақты заңды ерекшеліктері әр елде әртүрлі және ортақ меншік иелері зияткерлік меншікті қорғауды алмас бұрын юрисдикция заңдарымен алдын ала танысқаны жөн.

 

Мысалы, Ұлыбритания патенттеріне қатысты патент иелері жалпы жеке салымдарына қарамастан патенттегі тең, бөлінбейтін үлестерге құқылы. Сонымен қатар, ортақ құқық иелерінің кез-келгені үшінші тарапқа патент лицензиясын беру мүмкіндігіне ие болу үшін ортақ патент иелерінің рұқсаты керек, бірақ басқа аймақтарда олай болмауы мүмкін.

 

Тағы бір ерекшелік Еуропалық Патенттік Ведомствоның (EPO) ережелерінде қамтылған. Ережеге сәйкес, өтінімді қарау барысында туындауы мүмкін барлық мәселелерді шешу үшін ЕРО патенттік өтінімінде көрсетілген барлық өтінім берушілер атынан "ортақ өкілді" тағайындауға болады. Егер өтінім материалдарында өзгеше көрсетілмесе, өтінімдегі бірінші аталған адам ортақ өкіл ретінде қабылданады. EPО өтінім берушілер тобының басқа мүшелерінің мақұлдаудын сұрамайды, сондықтан барлық өтінім берушілер арасында келісіп тағайындалған ортақ өкіл олардың ішкі келіспеушіліктері мен өзара қақтығыс қаупін азайту және патентті күшінде ұстау үшін пайдалы болуы мүмкін.

 

Тауар таңбаларына келсек, кейбір елдерде ұлттық заңнама ресми түрде, ұжымдық белгілерді қоспағанда, тауар таңбасын ортақ иеленуді қарастырмайды, бұл соңғы жылдары, мысалы, Ресейде сотта қаралатын даулы мәселелер тудырып отыр. Осылайша, өтінім берушілер тіркегісі келетін тиісті аумақтарда тауар таңбасын ортақ иеленуге қатысты заңнаманы ескеруі қажет.

 

Зияткерлік меншіктің басқа түрлерін реттейтін заңдарға ұқсас, Еуропалық Қауымдастықтың өнеркәсіптік үлгілеріне қатысты заңнама, егер өнеркәсіптік үлгіні қызметкер өз міндеттерін орындау кезінде немесе жұмыс берушінің нұсқауы бойынша әзірлеген болса, өнеркәсіптік үлгі, егер басқаша көрсетілмесе, толығымен жұмыс берушіге тиесілі екенін анықтайды. Мұндай жағдайларда қызметкер ортақ меншік иесі ретінде қарастырыла алмайды немесе дизайнды ортақ иелене алмайды.

 

Ортақ меншік, зияткерлік меншікті қорғаудың көптеген басқа аспектілері сияқты, ұзақ мерзімді перспективада өтелуі мүмкін, бірақ даулы тәуекел сәттерін білдіретін ықтимал мәселелерді мұқият ойластыруды және қарастыруды қажет етеді.

 

Жоғарыда аталған тәуекелдерді зияткерлік меншіктің барлық тең құқылы иелері өзара келісімдер жасау және сақтау арқылы азайтуға болады. Бұл келісімдер құқыққа қатысты шешімдерге негіз болуы мүмкін, мысалы, патенттік істер, лицензиялау, даулар және т.б. туралы алдын-ала келісілген шешімдер, өтінім берушілер, мысалы, патенттік лицензиялық келісімдер сияқты балама нұсқаларды қарастыруы мүмкін.

Читать дальше