МИХАЙЛЮК, СОРОКОЛАТ ЖӘНЕ СЕРІКТЕСТЕР

Патенттік тексерілгендер
Қазақстан Республикасында өнертабысты патенттеу

Қазақстан Республикасында өнертабысты патенттеу

Қазақстан Республикасының Патенттік заңына сәйкес, өнертабыс – белгілі өнімді немесе тәсілді жаңа мақсат бойынша не жаңа өнімді белгілі бір мақсат бойынша қолдануға жататын, кез келген саладағы техникалық шешімдер.

Өнертабысқа берілетін Айырықша құқық ол патенттік қабілеттілік белгілеріне (жаңа, өнертабыстық деңгейі және өнеркәсіпте қолдануға жарамдылығы) сәйкес болғанда табысталатын патентпен куәландырылады. Өнертабысқа патент алғаннан кейін оның заңды иесі патентті үшінші тараптың қолдануынан түсетін материальдық және басқа да пайданы көруге құқы болады.

Өнертабыс патенті аймақтық сипатқа ие, бұл патент иесіне оны зияткерлік меншік ведомствосында тіркелген аумақта немесе аймақта өз қалауына карай игеруге мүмкіндік береді.


ҚАЗАҚСТАНДА ӨНЕРТАБЫСТЫ ПАТЕНТТЕУ КЕЗЕҢДЕРІ

1. Патенттік зерттеуді (іздеу) жүргізу

Патенттік зерттеу патенттеудің бастапқы кезеңінде жүргізіледі және ең маңызды кезең болып табылады, яғни оның көмегімен өнертабыстың патенттік қабілеттілік белгілеріне сәйкестігін, сонымен қатар патенттеудің өзектілігін анықтауға болады.

Патенттік іздеудің тағы бір маңызды артықшылығына техника деңгейін зерттеу барысында баламаны (патенттік нысанға мәнді белгілерінің жиынтығы жағынан неғұрлым жақын нысан) анықтау жатады, оны кейін патент нысанына өтінім дайындағанда және формуласын жазғанда пайдаланады.

Біздің мамандар Қазақстан, АҚШ, Ресей, сонымен қатар Еуразиялық, Еуропалық патенттік ведомстволардың, Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымын (ДЗМҰ) қоса алғанда, мәліметтер базасы бойынша Патентік іздеу жүргізеді.

2. Өтінім беру және рәсімдеу

Өтінімді дұрыс дайындау және оның заңнамалық нормаларға сәйкес болуы қорғалатын құжатты алу рәсімінің мерзіміне, атап айтқанда, жалпы сараптаманың уақыт алатын сұраныстарын азайтуға ықпал етеді.

Біздің мамандар өтінім берушіден мына құжаттары бар инструкцияны алған соң 10-15 жұмыс күні ішінде өтінімді дайындап, тапсырады:

  • Автор және өтінім беруші жайлы мәліметтер
  • Өнертабыстың сипаттамасы
  • Өнертабыстың формуласы
  • Реферат
  • Сызбалар, егер сипаттамада оның сілтемесі болса

3. Өтінімнің жалпы сараптамасы

Жалпы сараптама барысында өтінімнің, барлық қажетті құжаттардың толық болуы мен өтінім беру және жалпы сараптама өткізу төлемін қоса алғанда, жалпы шарттарға сәйкестігі тексеріледі. Жалпы сараптама қорытындысы бойынша өтінім берушіге мәні бойынша сараптама жүргізуге болатыны туралы хабарлама жіберіледі.

4. Мәні бойынша сараптама

Өтінім берушіге мәні бойынша сараптама жасауға болатыны туралы хабарлама жібергеннен кейін 3 ай ішінде Ведомствоға оны жүргізу үшін баж төлемін растайтын құжат пен сәйкесінше өтінім берушінің арнайы өтініші өткізілуі қажет.

Мәні бойынша сараптама барысында мәлімделген өнертабыстың патенттік қабілеттілік белгілерге сәйкестігі тексеріледі, атап айтқанда: жаңа, өнертабыстық деңгейі және өнеркәсіпте қолдануға жарамдылығы. Сараптама барысында оны өткізу үшін маңызды қосымша материалдардың сұратылуы мүмкін, оның ішінде өнертабыстың формуласы да бар. Бұл құжаттарды өтінім беруші Ведомствоның сұратуы жіберілген күннен бастап 3 ай ішінде тапсыруы қажет.

5. Мемлекеттік тіркеу және патент беру

Өнертабыс патентінің тіркелгені туралы оң шешім шыққан жағдайда өтінім берушіге тиісті шешім жіберіледі де, өтінім беруші 3 ай ішінде Ведомствоға патентті беру және Мемлекеттік реестрде жариялау үшін баж төлемін, сонымен қатар оны күшінде ұстап тұру үшін төленетін алғашқы жылдық баж төлемдерін растайтын құжатты тапсыруы тиіс. Содан кейін өнертабыс патенті тіркеледі және өнертабыс патентінің тіркелгені жайлы мәлімет жарияланады.

Өтінім берушілердің санына қарамастан патенттің бір данасы беріледі. Өнертабыстың авторлық құқығын куәландыратын құжат авторлардың әрқайсына жеке беріледі.

Қазақстанда өнертабысты патенттеу рәсімі 3 жылдан 5 жылға дейін созылуы мүмкін. Жеделдету рәсіміне сәйкес патенттеу мерзімі 1 жыл.

6. Патентті күшінде ұстап тұру (жылдық төлем)

Қазақстанда өнертабыс патентінің жарамдылық мерзімі өтінім берген күннен бастап 20 жылды құрайды, ал дәрілік құралдар мен пестицидке (улы химикат) жататын өнертабыс патенті оның иесінің арнайы өтініші бойынша 5 жылдан артық емес мерзімге ұзартылуы мүмкін. Дегенмен, жарамдылық мерзімі ішінде патенттің күшін сақтау үшін жылдық баж төленеді. Оны төлемеген жағдайда патенттің әрекеті етуі тоқтайды.

«Михайлюк, Сороколат және серіктестер» компаниясы Қазақстан Республикасы аумағы мен шет елдерде зияткерлік меншікті тіркеу және қорғау бойынша толық кешенді қызмет көрсетеді. Біз өтінім бойынша қызмет көрсету барысында өтінім берушіден алынған мәліметтердің құпиялылығына кепілдік береміз.