Қазақстан заңнамасына сәйкес өсімдік сұрыптары селекциялық жетістіктерге жатады, ал оған берілетін құқық патент иесінің селекциялық жетістігін қолдануға, оның басымдылығы мен селекционердің авторлығына айырықша құқығын куәландыратын Қазақстан Республикасының әділет Министрлігінің патентімен расталады.
ӨСІМДІК СҰРЫПТАРЫНА ПАТЕНТ ҚАЛАЙ АЛЫНАДЫ
Өсімдік сұрыптарына патент сұрып патенттік қабілеттілік белгілеріне сәйкес келгенде беріледі – жаңа, ерекше, біртекті және тұрақты:
1. Өсімдік сұрыпы жаңа деп есептеледі, егер өтінім берілген уақытта автор оның тұқымын немесе көшеттерін Қазақстан Республикасы аумағындағы басқа тұлғаларға, немесе олардың құқық мирасқорына өтінім берілген күнге дейін бір жылдан ертерек уақытта және басқа кез келген мемлекеттің аумағында өтінім берген күнге дейін бір жылдық мәдени өсімдіктер бойынша төрт жылдан ертерек, көп жылдық өсімдіктер бойынша алты жылдан ертерек уақытта сатпаған және бермеген болса.
2. Өсімдік сұрыпы өтінім берілген уақытта өсімдіктің жалпыға белгілі сұрыпынан айқын ерекшеленсе, ол патенттік қабілеттіліктің «ерекшелік» белгісін қанағаттандырады деп есептеледі.
3. Егер сұрыптау белгілері бойынша өсімдіктің осы сұрыпының көбеюін есептегенде біртекті болса, оны біртекті деп санайды.
4. Егер өсімдік сұрыпының әр көбеюінен кейінгі белгілері тұрақты қалса, оны тұрақты деп есептейді.
ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР
Өсімдік сұрыпын патенттеуге өтінім РММ «Ұлттық зияткерлік институтына» беріледі және мына құжаттар тапсырылады:
- өтініш (автор/өтінім беруші жайлы мәліметтермен қоса);
- сұрып туралы сауалнама (сұрыптың белгілері сипатталған негізгі мәлімет);
- Сұрыптың фото суреті;
- Егер басымдылық мәлімделсе, басымдылық өтінімінің куәландырылған көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге);
- еңбек шарты немесе құқық беру туралы шарты (егер өтінім беруші автор болмаса, басқа тұлға);
- сенімхат (өкіл арқылы іс жүргізген кезде);
- Өтінім беру және алдын ала сараптама жасау төлемін растайтын құжат.
ТІРКЕУ РӘСІМІ
РММ «ҰЗМИ» өсімдік сұрыпын тіркеуге өтінімді алдын ала сараптамадан өткізеді және Ауылшаруашылығы министрлігінің сұрыпты сынау Мемлекеттік комиссиясы нақты сараптама жасайды.
Өтінім берілгеннен кейін 2 ай өткенде алдын ала сараптама жасалады. Сараптама барысында қажетті құжаттардың толық тапсырылғаны және олардың дұрыс рәсімделгені тексеріледі. Өсімдік сұрыпына өтінім барлық қажетті шарттарды қанағаттандырған жағдайда оның қарауға қабылданғаны өтінім берушіге хабарланып, Мемлекеттік бюллетенге өтінім туралы жарияланады.
Өтінім туралы жарияланғаннан кейін өтінім берушіге өсімдік сұрыпын уақытша қорғау құқы беріледі. Уақытша қорғау құқы кезеңінде өтінім берушінің құқы бұзылған жағдайда өсімдік сұрыпына патент алғаннан соң патент иесі өзінің әрекет ету құқын бұзушы тұлғадан өтемақы талап етуге құқылы. Өтінім туралы мәліметтер жарияланғаннан кейін мәлімделген өсімдік сұрпының патенттік қабілеттілік белгілеріне сәйкестігі сарапталады, сонымен қатар өтінімде көрсетілген белгілерге сәйкестігін анықтау мақсатында сұрыпқа зертханалық және егістіктегі сынақ жүргізіледі. Жоғарыда аталған сараптамалар мен сынақтарды өткізу үшін өтінім беруші қажетті отырғызу материалдарымен қамтамасыз етуі тиіс. Одан басқа, осы сараптама барысында басқа елдерде өткізілген сынақ нәтижелерінің қолданылуы мүмкін.
Егер сараптама жүргізу нәтижесінде өсімдік сұрыпының патенттік қабілеттік белгілеріне сәйкестігі анықталса, онда патент беру туралы шешім қабылданады.
Патент беру туралы шешім негізінде және патентті беру мен оны дайындау әрі жариялау үшін баж төлемі уақытында төленген соң селекциялық жетістіктердің Мемлекеттік реестрінде өсімдік сұрыпы тіркеледі және осы сұрыпқа патент беріледі.
ПАТЕНТТІҢ ЖАРАМДЫЛЫҚ МЕРЗІМІ
Қазақстанда өсімдік сұрыпына патент тіркеуге өтінім берілген күннен бастап 25 жыл, ал жүзім, сәндік ағаштар, тұқымды және орман өсімдіктері сұрыптарына, оның ішінде будандастырылғандарға 35 жыл жарамады. Бұл мерзім өтінім берушінің арнайы өтінішімен, 10 жылдан артық емес уақытқа, патентті жыл сайын күшінде ұстап тұру үшін баж төлемін уақытында және патент мерзімін ұзартуға сәйкес баж төлемін төлегеннен кейін ұзартылуы мүмкін.
«Михайлюк, Сороколат және серіктестер» компаниясы Қазақстан Республикасы мен шет елдерде өсімдік сұрыпын тіркеу және зияткерлік меншікті қорғау бойынша толық кешенді қызмет көрсетеді. Біз өтінім бойынша қызмет көрсету барысында өтінім берушіден алынған мәліметтердің құпиялылығына кепілдік береміз.