МИХАЙЛЮК, СОРОКОЛАТ ЖӘНЕ СЕРІКТЕСТЕР

Патенттік тексерілгендер
Қазақстан Республикасында пайдалы модельді патенттеу

Қазақстан Республикасында пайдалы модельді патенттеу

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалы модель – өнертабыс сияқты белгілі өнімді немесе тәсілді жаңа мақсат бойынша не жаңа өнімді белгілі бір мақсат бойынша қолдануға жататын, кез келген саладағы техникалық шешімдер.

Пайдалы модель патентін берудің өнертабыстан айырмашылығы—ол жалпы сараптама нәтижесінде беріледі, ал оның жаңалығы және өндірістік қолданылуы патенттік қабілеттілік белгілері болып табылады. Осылайша, пайдалы модельді патенттеу рәсімі өнертабысты патенттеу рәсімінен тез өтеді, мәні бойынша сараптама кезеңі жоқ.


ПАЙДАЛЫ МОДЕЛЬДІ ПАТЕНТТЕУ КЕЗЕҢДЕРІ

1. Патенттік зерттеуді (іздеу) жүргізу

Патенттік іздеуді пайдалы модельді паттенттеудің бастапқы кезеңінде жүргізу ұсынылады. Оны жүргізудің қажеттігі кейін өтінімді және пайдалы модельдің формуласын дайындағанда сілтеме көрсетуге болатындай патенттеудің өзектілігін анықтаумен, балама шешім іздеумен байланысты.

Біздің компанияның мамандары ұлттық, аймақтық және халықаралық ведомстволардың базалары бойынша патенттік зерттеулер жүргізеді.

2. Өтінім беру және рәсімдеу

Қазақстанда пайдалы модельге өтінім ұлттық патенттік ведомство – Ұлттық зияткерлік меншік институтына (ҰЗМИ) беріледі. Оны дұрыс құрастыру мен заңнамалық шарттарға сәйкестігі патентті алу мерзіміне және сараптама тарапынан сұрақтың туындамауына ықпал етеді.

Біздің мамандар өтінім берушіден төмендегі құжаттарды толық алғаннан кейін 10-15 жұмыс күні ішінде пайдалы модельге патент алу өтінімін дайындайды және жазып береді:

  • Автор және өтінім беруші жайлы мәліметтер
  • Пайдалы модельдің сипаттамасы
  • Пайдалы модельдің формуласы
  • Реферат
  • Сызбалар, егер сипаттамада оның сілтемесі болса

3. Жалпы сараптама

Пайдалы модельге сараптама барысында оның жалпы шарттарға сәйкестігі, барлық қажетті құжаттардың болуы, оның ішінде өтінім беру үшін баж төлемін растайтын құжат, мәлімделген ұсыныстың пайдалы модель ретінде қорғалатын нысандарға жату мүмкіндігін анықтайды, пайдалы модельдің бірлігі тексеріледі.

Қазақстанда пайдалы модельге мәні бойынша сараптама жасалмайды, сондықтан патент өтінім берушінің жауапкершілігіне қалдырылады. Осылайша, жалпы сараптама нәтижесінің негізінде пайдалы модельге патент беру немесе патент беруден бас тарту туралы шешім қабылданып, өтінім берушіге сараптама қорытындысы жіберіледі.

4. Мемлекеттік тіркеу және патент беру

Өтінім берушіге пайдалы модельді тіркеу туралы шешім жіберілген күннен бастап 3 ай ішінде Ведомствоға патентті беруге дайындау және жариялау үшін баж төлемін растайтын құжат түсуі керек.

Өтінім берушіге, авторлардың санына қарамастан, пайдалы модель патенті түпнұсқасының бір данасы табысталады. Сонымен қатар авторлардың әрқайсысына авторлық куәлік беріледі.

Қазақстанда пайдалы модель патентінің мерзімі өтінім берілген күннен бастап 5 жыл, шартқа сәйкес жылдық баж төлемдері жасалғанда, тағы 3 жылға ұзартылуы мүмкін. Осылайша, патент мерзімінің жалпы уақыты 8 жыл.