Бірнеше юрисдикцияда патенттік өтінім беру күрделі процесс болуы мүмкін, бірақ Патенттік Ынтымақтастық Туралы шарт (PCT) патенттік өтінім берудің жеңілдетлген және тиімді жолын қарастырады.
1978 жылы күшіне енген PCT Дүниежүзілік Зияткерлік Меншік Ұйымының (ДЗМҰ) құзыретінде. Көпжақты шарт қазіргі уақытта IP-5: Қытай, Оңтүстік Корея, АҚШ, Жапония және ЕПВ-ны қоса алғанда 153 Ұлттық және аймақтық ведомстволарды біріктіреді.
PCT арқылы өтінім берушілер бір жиынтық баж төлеп бір патенттік өтінім береді және PCT-ға мүше елдердің кез келгенін немесе барлығын одан әрі өтінім беру үшін таңдай алады. PCT "халықаралық патентті" қарастырмайды, өйткені патенттік қорғау белгілі бір аумақтың ұлттық/аймақтық юрисдикция шегінде ғана жарамды болуы мүмкін. Дұрысы, ол өтінім берушінің мүддесін көздейтін елдерде одан әрі ұлттық патенттік іс жүргізуге негіз болады, яғни PCT жолымен алынған патент ұлттық немесе аймақтық сипатқа ие.
PCT арқылы өтінім беру процесі халықаралық кезеңнен басталады. Әдетте, өтінім иесі алдымен басымдылық күнін белгілейтін жергілікті патентке өтінім береді. Негізгі өтінім берілгеннен соң 12 ай ішінде "Қабылдау ведомствосына" (ҚВ) PCT өтінімі берілуі тиіс. Дегенмен, бірінші жергілікті өтінім беру міндетті емес, оны бермесе де болады.
ҚВ өтінім берушілердің кемі біреуі тұратын немесе азаматы болып табылатын PCT-ға кіретін мемлекеттің не ұлттық, не аймақтық ведомство болып табылады. ДЗМҰ Халықаралық бюросы ҚВ ретінде де әрекет етеді. ҚВ халықаралық өтінімді алғаннан соң оны PCT-ның формальды талаптарына сәйкестігін тексереді.
PCT өтінімі құзыретті Халықаралық іздеу органы (ISA) жүргізетін ішкі іздеуден өтеді. Нәтижесі ҚВ-ның құзыретті органға жіберген Халықаралық өтінімнің көшірмесі түскен күннен бастап 3 ай ішінде немесе басымдылық уақытынан бастап есептегенде 9 ай ішінде Халықаралық іздеу есебінде (ISR) жазылады.
ISR халықаралық өтінімде қамтылған нысанның патентке қабілеттілігіне әсер етуі мүмкін кез келген техникалық деңгейді толық сипаттап береді. Сонымен қатар, халықаралық өтінімде мәлімделген өнертабыстың жаңалығы, өнертапқыштық деңгейі және өндірісте қолданылу критерийлерінің Шартта көрсетілген талаптарға сәйкестігі анықталып, алдын ала Халықаралық іздеу органы (WOISA) жазбаша қорытынды жасайды. Дәл осы WOISA қорытындысы, егер кейін әрі қарай алдын ала сараптама жүргізу туралы талап қойылмаса, патент қабілеттілігі туралы халықаралық алдын ала есеп (IPRP) ретінде пайдаланылады.
Өтінімдегі талаптарға кез келген түзетулер, қайсысының кейінірек бітетініне қарай, ISR белгіленгеннен кейін 2 ай ішінде немесе басымдылық күнінен бастап 16 ай ішінде енгізіледі.
Осы кезеңде өтінім қайтарылып алынбаса, ең ерте басымдық берілген күннен бастап 18 ай өткеннен кейін ДЗМҰ Халықарлық бюросы халықаралық өтінімді PatentScope сайтында жариялайды.
Үміткерлер, қайсысының кейінірек бітетініне қарай, ISR және ДЗМҰ қорытындысын алғаннан кейін 3 ай ішінде немесе басымдылық күнінен бастап 22 ай ішінде қосымша сараптама жасауды сұрай алады.
Халықаралық сараптаманы сұрау ДЗМҰ-да көрсетілген кез келген мәселелер аясында олардың қолданылуына қатысты түзету енгізуді қажет ететін немесе өтініміне қатысты дәлелдемелер келтіргісі келетін өтінім иелері үшін пайдалы болуы мүмкін, өйткені бұл патенттік қабілеттілік туралы Халықаралық алдын ала қорытындының (IPRP)/Халықаралық алдын ала сараптама есебінің (IPER) оң нәтижесіне әкеледі. Сонымен қатар, мұндай сараптаманы сұрау өтінім иесінің одан кейін де ұлттық/аймақтық кезеңдегі іс-әрекетінің мүмкіндігін дұрыс бағалауға көмегі зор.
Халықаралық өтінім өнертабысқа автоматты түрде ұлттық қорғау бермегендіктен, ең ерте басымдылық күнінен бастап 30/31 ай ішінде PCT ұлттық/аймақтық кезеңіне өтуі керек. Нақты мерзімі көрсетілген мемлекеттерге/ұйымдарға байланысты. Өтінім иесі қажетті ұлттық/аймақтық алымдарды төлеуі керек, сондай-ақ өтінімнің кез келген аудармаларын және кіру кезінде талап етілуі мүмкін басқа құжаттарды тапсыруы тиіс.
Содан кейін өтінімді көрсетілген мемлекеттердің жеке ұлттық немесе аймақтық ведомствосы қарайды және патент ұлттық заңнамада белгіленген патентке қабілеттілік талаптарына сәйкес келуіне қарай беріледі.
Өтінім иелеріне көрсетілген юрисдикциялардың әрқайсысында жергілікті патент агентін міндеттеуі немесе ұсынуы мүмкін.
Халықаралық PCT өтінімі өтінім иелеріне құқық қорғау юрисдикцияларын таңдауға және өнертабысты бағалауға, инвестор іздеуге қажет мерзімді Париж конвенциясына сәйкес 12 айдан 30/31 айға ұзарта алады. Сонымен қатар, кейбір ұлттық/аймақтық ведомстволар халықаралық өтінімдерге қатысты шығарылған ISR/IPRP үшін бірқатар жеңілдіктер береді, бұл патент алу шығындарын азайтады.
PCT бойынша сұрақ туындаса немесе өтінім беруге мүдделі болсаңыз, бізге хабарласыңыз.