МИХАЙЛЮК, СОРОКОЛАТ ЖӘНЕ СЕРІКТЕСТЕР

Патенттік тексерілгендер
Техникалық деңгей дегеніміз не?

Техникалық деңгей дегеніміз не?

Егер сіз өтінім беретін болсаңыз, техникалық деңгейге басты назар аудару қажет. Қарапайым тілмен айтқанда, техниканың белгілі деңгейі—сіздің идеяңызға ұқсас және сіз оған зияткерлік меншік құқығын алуды ойлағанға дейін белгілі болғандардың бәрі. Енді тереңірек қарастырайық.

Біріншіден, техникалық деңгейге қатысты қате түсінік бар. Көптеген тәжірибесіз, тіпті кейбір тәжірибелі өтінім берушілер техникалық деңгей бұрын берілген патенттермен және қолданыстағы өнімдермен шектеледі деп ойлайды.

Шындығында, техникалық деңгей әлдеқайда көп нәрсені қамтуы мүмкін, атап айтқанда, мақалалар, ғылыми мерзімді басылымдар, қаралымға ұсынылған қосымшалар, коммерциялық қолжетімді және қолжетімсіз өнімдер, ауызша таныстырылымдар, т.б. Тіпті біреудің Facebook жазбасын да техниканың белгілі деңгейі деп қарастыруға болады.

Ақпаратты, өнім немесе процесті техникалық деңгейге жатқызбайтын екі ғана себеп бар, бұл жариялауға болмайтын мемлекеттік ақпараттарға және коммерциялық құпияларға немесе басқа жағдайларға қатысты, сондай-ақ материал мазмұны жеткіліксіз ашылса.

Техникалық деңгей кең ұғым болғандықтан, өнертабысқа патент алғысы келетіндер арнайы деректер базасында ұқсас патенттерді іздеп қана қоймай, көлемді мәліметтерге талдау жасауы қажет.

Мұндай қызметтерді кәсіби патент өкілдеріне сеніп тапсыруды ұсынамыз. Осыған байланысты біз IP-Coster сайтында әлемнің кез келген юрисдикциясында зияткерлік меншік бойынша маман табуға көмектесеміз.

Читать дальше