Біз зияткерлік меншіктің патенттеу арқылы қорғауға болатын түрлерін көрсеттік, дегенмен, ЗМ-тің сипатына қарай патенттелмейтін түрлері де бар. Патенттелмейтін мүліктердің кең тараған түрі:
1. Ашылулар. Егер ғылыми жаңалық ашсаңыз, өкінішке орай, оны патенттей алмайсыз. Бұл жаңалықты ойлап таппағаныңызбен, тек бірінші болып заңдылықты байқағаныңызбен байланысты. Егер сіз, ашқан жаңалығыңызды өндіріске енгізудің жаңа өнертабыстық және өнеркәсіпте қолданылу тәсілін ойлап тапсаңыз, ЗМ-ті қорғау құқын аласыз.
2. Музыкалық, әдеби-драмалық шығармалар. Мұндай өнер туындылары авторлық құқық объектісі болып табылады, демек, патентке өтінім беру мүмкін емес.
3. Абстрактылы идеялар. Патенттік қабілеттілік өнеркәсіпте қолданылудың өмірлік маңызды белгілеріне бағынады. Бұл абстрактылы идеялардың патенттелмейтінін көрсетеді.
4. Табиғи құбылыстар. Егер сіздің идеяңыз белгілі бір табиғи құбылыстардың нәтижесінде жүзеге асса, ол патенттелмейді.
5. Бағдарламалық жасақтама. Әрине, егер бағдарламалық жасақтама өнертабысты жүзеге асыру үшін арнайы жасалса, оны қорғау жолдары бар. Алайда, кейбір елдерде компьютерлік бағдарламалар патенттелмейді. Компьтерлік код негізінен авторлық құқық объектісі болып табылады. Мысалы, ЕПВ компьютерлік бағдарлама "техникалық әсер" тудыруы мүмкін болса, ол патенттелмейді деген саясатты ұстанады.
6. Жануарлар. Бұл анық солай көрінуі мүмкін, бірақ мұның да ерекше жағдайы бар. Айталық, егер зертханалық қоянды дәрілік сынақтарда қолдану үшін генетикалық тұрғыда өзгерту қажет болса, рұқсат етілген елдерде осы қоянды өз өнертабысыңыз ретінде патенттей аласыз.