МИХАЙЛЮК, СОРОКОЛАТ ЖӘНЕ СЕРІКТЕСТЕР

Патенттік тексерілгендер
Патенттік лицензиялау

Патенттік лицензиялау

Патент берілгеннен кейін оны іске асыратын, сататын уақыт туады. Дегенмен, әрқашан патенттерді іске асыруға, сатуға және маңызды маркетингке инвестиция салатын шексіз қоры бар корпорациялар бола бермейді. Тәуелсіз өнертапқыштар үшін патенттерді лицензиялау—жақсы коммерциялық әрекет.

Лицензиялау арқылы патент иелері басқаларға патенттелген өнімді өндіруге, пайдалануға, сатуға рұқсат бере отырып, өзі роялти, яғни тұрақты құнын белгілеп немесе басқа жолмен келісілген төлемдер алады. Мұндай қатынастардың мерзімі, аумағы мен шарттары лицензиар мен лицензиат арасындағы келісімде көрсетіледі. Сіздің өнертабысыңызды жаппай шығара алатын және оны дамытатын лицензиатты табу маңызды, өйткені роялти мөлшері көбіне лицензиаттың алған табысына тәуелді.

Патенттелген өнертабысқа сұраныс үлкен болса, лицензиялардың өздері өте тиімді бизнес болуы мүмкін, Ең жақсы мысал—сымсыз зарядтау технологиясы. NuCurrent ойлап тапқан және патенттеген, бір кездері АҚШ-тан бастау алған сымсыз зарядтау технологиясы қазір NuCurrent компаниясына миллиондаған доллар роялти төлейтін Apple and Motorola компанияларында қолданылады. Тағы бір танымал патент-лицензиар—IBM корпорациясы, ол табысының басым бөлігін Amazon, Google, LinkedIn және Twitter төлейтін роялти түрінде алады.

Патентіңізді толығымен пайдаланудан қорықпаңыз! Кеңес алу үшін бізге хабарласыңыз.

Читать дальше