МИХАЙЛЮК, СОРОКОЛАТ ЖӘНЕ СЕРІКТЕСТЕР

Патенттік тексерілгендер
Патенттік троллинг

Патенттік троллинг

Зияткерлік меншіктің басқа да объектілері сияқты патентті оның иелері табыс көзі ретінде қолдана алады. Оның жиі теріс пайдаланылуы мүмкін. Теріс пайдаланудың кең тараған түрі "патенттік троллинг" немесе "жинақтау" деп аталады, патент арқылы жасалған тролльдер—көбіне Патенттік Растау Субъектілері (PAE) және Өндіруші Емес Ұйымдар (NPE). Бұл субъектілер патенттерді басқа компаниялардан пайда табу немесе бәсекелестікті жеңу мақсатында "кепіл" үшін ғана алады. Олар дәл сол немесе ұқсас патент объектісі бар өнеркәсіпті қорқытады, жәбірленушіні ұзаққа созылуы ықтимал және қымбат сот ісі мен дауды сот процесінен тыс реттеу үшін тороллинг субъектісіне ақша төлетеді. Бизнеске және тұтастай алғанда экономикаға айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін патенттік тролль қаупін шешудің қандай жолдары бар?

АҚШ-та патенттік троллингке іліккен жәбірленуші компаниялардың басымы сот процесінен тыс троллинг субъектісіне компенсация немесе лицензиялық алым төлеуді таңдайды. Мұның бір себебі АҚШ-тың сот шығыны алымында жатыр. Мысалы, АҚШ-та ірі компанияларға қатысты патенттік талап-арызға 5 млн АҚШ доллары жұмсалады, ал патент тролльдері есеп айырысу ақысын сот шығынынан төмен қояды, орташа есеппен 2 млн АҚШ доллары.

Соттан тыс реттеудің тағы бір ықтимал себебі патенттік торолль сотта жеңсе, жәбірленушінің бизнесі нарықтағы орнын жоғалтуы және сот құқық бұзушылық қаупі бар деп тапса, нәтижесі сот тиымына әкеледі, демек үлкен шығынға ұшырауы мүмкін.

Балама нұсқа ретінде үлгіні бұзылған деп есептелетін патенттің негізінде жобалауға болады, бұл есеп айырысу алымы мен соттағы даудан құтқаруы мүмкін. Дегенмен, бұл өнім сапасының төмендеуі және нарықтағы жәбірленушінің беделіне нұсқан келтіру қаупін тудыруы мүмкін, сондықтан өнімді өзгерту тәуекелдерін бағалау маңызды.

Егер жәбірленуші компания сот ісін жалғастыруды және тролльге қарсы күресуді таңдаса, қарастырылуы мүмкін бірнеше ұстанымдар бар. Мысалы, жәбірленуші дауға араласуға шешім қабылдамас бұрын заңгерлік сараптамадан өте алады. Сарапшы тролльдер нысанға алған объектінің іс жүзінде троллинг субъектісінің патентін бұзатынын-бұзбайтынын, сондай-ақ жәбірленуші патентінің жалпы жарамдылығы мен қамтитын тақырыпты бағалау мақсатында алдын ала сараптайды. Осы сұрақтар бойынша заңдылықты айқындау троллинг субъектісімен сотта бетпе-бет келуге сенімді негіз болады және есеп айырысу ақысын төлеудің орнына сотты таңдауда маңызды дәйек бола алады.

Сотта жеңу мүмкіндігінен басқа жәбірленушіге троллинг субъектісі патентінің әрекеттін тоқтату туралы қарсы іс қозғау тиімді болуы мүмкін. Сонымен қатар, сот ісін ашуға дайындық кезеңінде троллинг субъектісінің патент(тері) туралы пайдалы ақпараттың анықталуы мүмкін, бұл тролльге қарсы ұзақ мерзімді күресте жәбірленушіге стратегиялық тұрғыдан тиімді болуы мүмкін.

Өнеркәсіпте туындайтын тәуекелдерді ескере отырып, патенттік троллинг және одан кейінгі сот ісін жүргізу жағдайлары туралы. хабардар болу керек. Егер сіз патенттік тролльдің құрбаны болдым деп ойласаңыз, заңгермен кеңесу ұсынылады. Кеңесуді қаласаңыз, бізбен байланысыңыз.

Читать дальше