Патенттік қорғауға өтінім беру күрделі әрі ұзақ уақыт қажет ететін процесс болуы мүмкін, десек те, неден бастау керегін білу жаңа өтінім берушілердің жұмысын жеңілдетуі мүмкін.
Бастапқы кезеңдер
Өтінім берудің бастапқы кезеңдеріндегі ең маңызды мәселердің бірі—сіз таңдаған елдердің әрқайсысында немесе аймақтағы патенттеу жүйесін толық түсіну.
Жекеленген елдерде, мемлекеттерде, аймақтарда өтінім беру талаптары мен ережелері әртүрлі болғандықтан, ең маңызды алғашқы қадамдардың бірі—сіз өнертабысты қорғауға ынта танытып отырған юрисдикциялардың патенттік жүйелерін қарастыру. Ол үшін өнертабыстың өзін және оны жүзеге асыру мүмкіндігі бар нарықты (нарықтарды) қарастыру қажет болады.
Таңдалған кез келген юрисдикцияның ЗМ заңнамасы және ережелерімен танысу, оларды тиімді бағалау үшін патенттік сенім білдірілген өкілмен немесе осы саланы жақсы білетін агентпен кеңескен жөн. Сіз патенттік қорғауға ынта танытып отырған әр елдің немесе аймақтың талаптарын неғұрлым тереңірек түсінсеңіз, соғұрлым жақсы, өйткені жан-жақты ойластырылған кешенді өтінім ұзақ уақыт алатын, қымбат юрисдикцияға ұрынбауға ықпал етеді.
Іздеулер
Патенттік қорғау процесінің бастапқы кезеңдерінің маңызды бөлігі—патенттік қабілеттілік пен техникалық деңгейін сараптау. Сіздің өнертабысыңыздың бірегей жаңашылдығына және қолданыстағы өнертабыстарға нұсқан келтірмейтініне көз жеткізу үшін жан-жақты іздеулер патенттік өтінімді берместен бұрын жасалуы тиіс. Сонымен қатар, егер сіздің өнертабысыңыз көпшілікке жария етілген болса, патент алу сәтсіз аяқталуы мүмкін, бірақ көптеген юрисдикцияларда жариялық ескерілмейтін жеңілдіктер бар. Бұл кезең әр елде әртүрлі болуы мүмкін.
Жаңашылдыққа қойылатын талап патенттік қабілеттіліктің ең маңызды белгілерінің бірі болып табылады, осылайша жан-жақты іздеу және сіздікіне ұқсас өнертабыстарды салыстыру сіздің өтініміңізді салмақты негіздей отырып, нәтижелі тіркелуіне неғұрлым үлкен мүмкіндік берді.
Мұндай іздеу жұмыстарын қорғау сұралатын IPO арқылы немесе патенттік дерекқорлар, басылымдар және тиісті ресурстар арқылы жүзеге асыруға болады. Сонымен қатар іздеу шаралары өтінім беруші өтінім беру мен қай елдерде қорғайтынын анықтау кезеңінде, мысалы, өнертабысқа немесе пайдалы модельге патент алу шешімдерін қабылдау барысында шешуші сәт болуы мүмкін.
Патенттік өтінімді рәсімдеу
Өнертабыстың бастапқы элементтерін қарастырған соң патентті қорғауға өтінім беру үшін таңдалған юрисдикцияларға не қажеттігін түсіндіңіз. Келесі маңызды қадам өтінімнің өзін дайындау.
Табысты нәтижеге қол жеткізу үшін патенттік өтінім толық әрі жақсы жазылған болуы керек және әр юрисдикцияның талабын білген пайдалы. Патенттік өтінім, әдетте, аннотацияны, өнертабыстың жазбаша сипаттамасын, қорғалатын көлемін анықтайтын формаулалардың тізімін, сызбалар мен диаграммаларды (егер қолданылса) қамтуы тиіс.
Өнертабысқа байланысты өтінім берушілер патенттік қорғау түрін немесе әртүрлі юрисдикцияларда ұсынылатын патенттік өтінімді қарастыруы керек. Мысалы, кейбір елдер өтінім берушілерге пайдалы модельге немесе патентке өтінім беру, сонымен бірге басқа елдер сияқты алғашқы немесе алғашқы емес өтінім беру мүмкіндігін ұсынады.
Патенттік сенім білдірілген өкілмен кеңес процесті едәуір жеңілдетеді, сондай-ақ кез келген сәйкессіздіктерді қарастыру мен жобаны әзірлеуге көмектесу арқылы патенттік өтінімді сәтті беру мүмкіндігін арттырады.
Өтінім беру
Патентке өтінім берудің өзі әдетте Зияткерлік меншік басқармасының ресми немесе тиісті юрисдикциялардың веб-сайттарындағы барлық қажетті құжаттарды толтыру, сондай-ақ тиісті ресми алымдарды төлеу және кез келген ілеспе құжаттарды мысалы, сенімхатты тапсырудан тұрады. Бұл талаптар күрделі болғанымен қатар, патенттік сенім білдірілген өкілден белгілі бір алымдарды төлеу, құжаттарды тапсыру сияқты тәжірибесі болуын талап етуі мүмкін, ал кейбір елдерде шетелдік өтінім берушілердің юрисдикцияда жергілікті патенттік сенім білдірілген өкілінің болуы талап етіледі.
Сондай-ақ, патенттік өтінімді қалай беру керегін қарастырып жатқанда өтінімнің кейінгі нәтижелерін алдын ала бағалау өте маңызды.
Неден бастау керек?
IP-Coster платформасы өтінім жобасын жасағаннан кейін патентті қорғау жолының басталуын жеңілдетіп, өтінім беру процесіне дайындайды, бүкіл әлем бойынша патент берудің алым бағасын алдын ала есептейді және біздің компанияның халықаралық патенттік кәсіби мамандарының көмегін ұсынады. Жоғарыда айтылғандар бойынша қосымша көмек алғыңыз келсе, біздің байланыс деректеріміз осы жерде.