Қазақстан Республикасының Ұлттық зияткерлік меншік институтында тіркелген, Тауар таңбасы, тек Қазақстан аумағында ғана құқықтық қорғалуға ие.
ШЕТЕЛДЕ ТАУАР ТАҢБАСЫН ТІРКЕУ ТӘСІЛДЕРІ
Тауар таңбасын шетелде қорғаудың үш тәсілі бар: ұлттық, аймақтық және халықаралық рәсім бойынша.
Ұлттық / аймақтық рәсім
Тауар таңбасын тіркеуге өтінім әрбір таңдалған мемлекеттің/өңірдің зияткерлік меншік жөніндегі ведомствосына тікелей беріледі. Өтінім беру кезінде таңдалған елдің/аймақтың патенттік сенім білдірілген өкіліне жүгіну, сондай-ақ осы елдің/аймақтың заңнамасында белгіленген талаптар мен мерзімдерді сақтау қажет.
Алайда, егер көптеген елдерде тауар таңбасын тіркеу қажет болса, ұлттық/аймақтық рәсім орынды болмайды. Қаржылық шығындарды оңтайландыру үшін халықаралық рәсім бойынша тауар таңбасын тіркеуге болады (Мадрид жүйесі).
Халықаралық рәсім
Тауар таңбасын тіркеу Мадрид келісіміне және Мадрид келісімі хаттамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Мадрид жүйесі 1891 жылдан бері жұмыс істейді, 2020 жылғы жағдай бойынша 122 елдің атынан 106 мүше бар.
Бұл рәмімдердің бірқатар артықшылықтары бар:
- 122 елде қорғауды сұрауға болатын бір өтінімді ресімдеу және беру;
- тауар таңбасын халықаралық тіркеу құны әрбір мүдделі елде патенттік сенім білдірілген өкілдің ресми бажы мен қызметтерін бөлек төлеумен салыстырғанда едәуір аз;
- тауар таңбасын тіркеуге халықаралық өтінім белгіленген тілдердің бірінде (ағылшын, француз, испан) ресімделеді, таңдалған елдердің ұлттық тілдеріне аудармасы қажет емес;
- ТТ тіркелгеннен кейін оның аумақтық әрекетін кеңейтуге болады.
Тауар таңбасын халықаралық тіркеу ерекшеліктері
Тауар таңбасын халықаралық тіркеуге өтінімді тиісті ұлттық тіркеу/ТТ-ына өтінім болған жағдайда ғана беруге болатынын ескеру қажет. Сонымен қатар, халықаралық тіркеу күнінен бастап 5 жыл ішінде тауар таңбасы ұлттық тіркеуге тәуелді болады және ол жойылған жағдайда халықаралық тіркеу де жойылады.
Алайда, базалық өтінім/тіркеу күші жойылған жағдайда, уағдаласушы елдерде халықаралық өтінімді/тіркеуді ұлттық (өңірлік) өтінімге айналдыру мүмкіндігі бар.
Тауар таңбасын халықаралық тіркеу кезеңдері
Өтінім ДЗМҰ халықаралық бюросына Қазақстан ведомствосы арқылы беріледі және базалық ұлттық өтінімге/тіркеуге негізделуге тиіс.
ДЗМҰ өтінімнің ресми талаптарға сәйкестігін тексереді және оң шешім болған жағдайда оны халықаралық реестрде тіркеу жүргізіледі.
Бұдан әрі ДЗМҰ оны тауар таңбасын қорғау сұралатын Келіскен елдердің ведомстволарына жібереді. Ведомстволар мәні бойынша (ұлттық заңнамаға сәйкестігі бойынша) сараптама жүргізеді, мұндай рәсім 12-18 айға созылады. Егер өтінім барлық талаптарға сай болса, онда бұл елдерде тауар таңбасына құқықтық қорғау беріледі.
Мадрид жүйесі бойынша тауар таңбасын тіркеу рәсімінің ұзақтығы қорғау сұралатын елдерге байланысты және 12 айдан 22 ай аралығына созылады.
Халықаралық тауар таңбасын қорғау мерзімі ДЗМҰ-ға өтінім тіркелген күннен бастап 10 жылды құрайды, оны 10 жылға шексіз рет ұзарту мүмкіндігі бар.
«Михайлюк, Сороколат және серіктестер» компаниясы Қазақстан Республикасы аумағы мен шет елдерде зияткерлік меншікті тіркеу және қорғау бойынша толық кешенді қызмет көрсетеді. Біз өтінім бойынша қызмет көрсету барысында өтінім берушіден алынған мәліметтердің құпиялылығына кепілдік береміз.