Жасанды интеллект нысандарының өзіндік ерекшелектері: құқықтық мәртебесі мен авторлық құқық мәселелері
23/08/2024
Жасанды интеллект (ЖИ) нысандарына авторлық құқық технологияның жедел дамуы жағдайында неғұрлым өзекті тақырыпқа айналуда. ChatGPT, Midjourney сияқты және т.б. түрлендіруші модельдердің пайда болу сәтінен бастап олардың қолданушымен өзараәрекетінің нәтижелерін пайдалануға авторлық құқықтың тиесілігі туралы көптеген құқықтық мәселелер туындайды. Дербес жағдайда, ЖИ жасаған туындының авторы кім болып табылады; ЖИ жасаған нысандардың авторлық құқықпен қорғалуы мүмкін бе; егер авторлық құқықпен қорғалған деректерді ЖИ пайдаланғанда үшінші тұлға бұзған құқық үшін кім жауапты және т.б.
Алдымен атап өтетін жайт, ЖИ жасаған нысандар олардың құқықтық мәртебесі мен авторлықты анықтау мәселеріне салмақты әсер ететін бірқатар өзіндік ерекшеліктерге ие, олар өз кезегінде мынадай нысандардың мүліктік құқықтарының иелерін анықтағанда мәселелер туғызады, атап айтқанда:
- Бар ақпараттар мен мәліметтерді қолдану. ЖИ авторлық құқықпен қорғалған, ішіне мәтін, суреттер, видео және басқа да материалдар кіретін орасан зор көлемді мәліметтерді талдай отырып жұмыс істейді. Оның сыртында, ЖИ түрлендірулерінің нәтижелері жиі осы бар мәліметтердің компиляциясы немесе адаптациясы болып табылатынын түсіну маңызды, мысалы, ЖИ алдында жасалған бірнеше картинаны араластырып, бірақ болашақта оларды қолданудың заңдылығына және авторлық құқықтың бұзылуына қатысты мәселелер туғызуы мүмкін бір де бір жаңа шығармашылық элемент енгізбей жаңа бейне жасай алады.
- Жасанды интеллект көмегімен жасалған туындыларда шығармашылық тәсілдің болмауы олардың құқықтық мәртебесіне әсер ететін негізгі факторлардың бірі болып табылады. Заңгерлік мәнмәтінде, туынды авторлық құқық нысаны болып есептелуі үшін оның шығармашылық элементі болуы тиіс, яғни адамның ой еңбегінің нәтижесі болуы керек. Осы шығармашылық тәсіл автордың (жасаушы) жеке, субъектілік шешімдерінің нәтижелері болып табылатын бірегейлік пен түпнұсқалықтан тұрады.
Сонымен қатар ЖИ-нің кез келген түрлендіруші моделі—берілген параметрлер негізінде мәліметтерді өңдейтін және жаңа контент жасайтын бағдарламаланған алгоритмдермен жұмыс істейтін технологиялық құрал. Дегенмен, жасалған туындының қиындығы және жаңалығына қарамастан модель жеке шығармашылық интенция немесе саналы таңдаусыз автоматты әрекет етеді. Бұл жұмыстың нәтижелері мәліметтердің адам шығармашылығына тән жеке ұйғарымсыз, қиялдар немесе әсерлерсіз механикалық үйлесімі болып табылады.
- Адамның қатысуынсыз туындыларды жасау. Бірінші кезекте осындай туындыларға қатысты оларды ой еңбегінің нәтижесі ретінде есептеуге бола ма деген негізгі сұрақ бар. Дербес жағдайда, егер ЖИ туындыны адамның қатысуынсыз автоматты түрде жасайтын болса, сұрақ туындайды: осындай туындының авторы болып кім табылады? Авторлық құқықтың классикалық түсінігінде автор деп туындыны жасайтын, яғни жеке шығармашылық еңбек сіңірген жеке тұлға есептеледі. ЖИ жасаған туындылар жағдайында туындыны жасау процесіне адамның қатыспауы автор деп мойындайтын нақты тұлғаның болмайтынын білдіреді, осылайша нысан (туынды) анық авторлық құқыққа ие болмайтын құқықтық вакуум құра отырып, нысанға мүліктік құқық анықтамасы бойынша түсінік жоқ болып шығады.
Сонымен қатар осындай нысандардың ерекшеліктері мен оларды авторлық құқық шеңберінде қорғау мүмкіндігінің болмауын ескергеннің өзінде бұл мәселені шешу әр елде бірқатар прецеденттер мен дауды шешу тәсілдерін құра отырып едәуір өзгешеленеді.
АҚШ
АҚШ-та авторлық құқық кез келген тасымалдаушы материалда тіркелген айырықша авторлық түпнұсқа туындыға беріледі, сондықтан толығымен ЖИ жасаған өнімдер авторлық құқық шеңберінде қорғауға ие бола алмайды. Дегенмен, осы мәселені реттеуге серпіліс берген Кристина Каштанованың ісі болды, ол жасанды интеллект көмегімен жасаған «Zarya Of the Dawn» комиксіне қатысты, мұнда, дербес жағдайда, авторлық құқықты комикстің тұтас өзіне (жинаққа) ғана беру ұйғарылды, дегенмен, Midjourney жасап түрлендірген жеке бейнелер қорғауға жатпайды, себебі "Каштанованың жұмысы, бұл жағдайда, жекеленген бейнелерге авторлық құқығын қорғайтындай креативтіліктің жеткілікті деңгейін қамтамасыз ететіндей емес, өте аз және байқалмайды". Осы істің нәтижесі ретінде 2023 жылдың мамырында АҚШ-тың авторлық құқық Бюросы "Жасанды интеллект жасаған материалдары бар жұмыстарға авторлық құқықты тіркеу Инструкцияларын", шығарды, мұнда айқын анықталғаны: "туынды жазу үшін жасанды интеллект технологиясын қолданатын тұлғалар осы туындыға (нысанға) сіңірген өзінің жеке еңбегіне стандартты өтінім арқылы автор өзі үміттенетін туындының бөлігіне авторлық құқықты қорғауды талап ете алады".
Одан басқа, бірқатар GitHub Copilot (ашық кодты заңсыз бағдарламалық жасақтамалар арқылы жасалған ЖИ кодтау бойынша көмекші), Stability AI, DeviantArt және Midjourney, Runway AI, сонымен қатар Сара Эндерсен, Келли МакКернан Чжан, Гжегожа Рутковский ұсынған Google (Imagen сайманы) және басқаларға қарсы берілген авторлық құқықты бұзу туралы бірқатар ұжымдық талапарыздар мәселені анықтаудың бірыңғай тәсілін құру, ЖИ нысандарын сәйкестендіру мерзімін бекіту, сонымен қатар жасанды интеллект құралдарын пайдалану шеңберінде авторлық құқықты бұзуды реттеу тәсілдерін анықтау мақсатында 2024 жылдың шілдесінде "Жасанды интеллект нысандарына авторлық құқық мәселелерін реттеу бойынша АҚШ авторлық құқық Бюросы жобасын" дайындап, көпшіліктің талқылауына ұсынуға себеп болды.
Европалық одақ
Европалық Одақта ЖИ жасаған нысандарға қатысты мәселелерді реттеу, дербес жағдайда "AI Act." арқылы енгізу, белсенді дайындау кезеңінде тұр. Бұл жоба ЖИ қолдануды, авторлық құқықпен байланысты мәселелерді қоса алғанда, реттеуге бағытталған. Басты назар ЖИ пайдаланумен байланысты туындайтын адам құқығы мен еркіндігінің тәуекелін бағалауға аударылады. Сонымен қатар, жасанды интеллект жасаған нысандардың "туындыларға" жататыны жайлы мәселелер жасанды интеллект тенденциялары мен дайындау бойынша ЕО соңғы есебі төңірегінде 2020 жылы шешілді, мұнда ЖИ жасаған нысан «туынды» деп есептеледі, егер ол мына критерийлерге сәйкес келсе: 1) әдеби, ғылыми немесе бейнелеу сферасына жатса; 2) адамның ой еңбегінің нәтижесі болса; 3) адамның нысанда айқындалатын шығармашылық таңдауын бейнелсе.
Украина
Украинада ЖИ нысандарына авторлық құқықты реттеу аз анықталған жағдайда қалып отыр. Заңнамада ЖИ жасаған нысандарға қатысты нақты жағдайлар жоқ. Соған қарамастан, мәселе Украинаның «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» арнайы құқық – "sui generis".құқығына сәйкесУкраина заңының шеңберінде жартылай реттеледі. Берілген жағдайда бастапқы анықтамасына сай туынды деп мойындалмайтын "компьютерлік бағдарламада жасалып түрлендірілген түпнұсқа емес" түсінігі туындайды, өйткені туынды автордың түпнұсқа ой туындысы болып табылады. Дегенмен, осы нысанды жасау нақты нәтиже (өнім) алатын адам ресурсының қатысуын талап етеді және сәйкесінше осындай нысан жасау бойынша адам ресурсының қатысуымен пайда табу мақсатында мүліктік құқықты (жұмыс нысанын қолдануға рұқсат беру немесе тиым салу) қорғау орын алады. Жасанды интеллект жасаған нысандарға sui generis құқығын қолдану мынаған негізделеді: қорғау критерийі авторлық құқық жағдайындағыдай түпнұсқалық емес, жеткізу түрі (ЖИ жұмысының нәтижесі) және ЖИ нысан жасайтын әрекеттердің құралы ретінде анықталатын адам ресурсын қатыстыру. Сонымен қатар sui generis субъектісі ретінде қорғалуы тиіс және осындай нысандарға мүліктік құқық тиесілі болатын тұлға саналады. Дербес жағдайда, sui generis құқығы түпнұсқа болып табылмайтын нысан (ЖИ жасайтын нысан) жасалғаннан бастап туындайды және мүлік құқығының әрекет мерзімі 25 жылды құрайды.
Ұлыбритания және Ирландия Біріккен Патшалығы
Біріккен Патшалық заңнамасына сәйкес, дербес жағдайда "Авторлық құқық, үлгілер және патенттер туралы 1988 жылғы заң", компьютерлік бағдарлама көмегімен жасалған көркем шығармаларды авторлық құқықпен (мемлекеттік деңгейде авторлық құқықты тіркеу жүйесі болмаса да) қорғауға болады. Дербес жағдайда, Заңның 178-бөлімінде қарастырылған «компьютерлік бағдарлама көмегімен жасалған туынды» – бұл адамның қатысуынсыз жасалған туынды және компьютермен жасалған туындының «авторы» ретінде осындай нысанды жасау үшін қажет шараларды қолданған тұлға саналады деп ұйғарылған. Мұндай туындылар жасалған сәттен бастап және олар пайда болған календарлық жылдың аяғынан есептегенде 50 жыл бойы қорғалады.
Қытай
Қытайда авторлық құқық туралы заң жасанды интеллект көмегімен жасалған нысандардың мәселелерін реттеудің нақты тәсілдерін қарастырмайды. Дербес жағдайда, Қытайда авторлық құқықты тіркеп, артынша туындыға куәлік алу үшін нысан екі шартқа сәйкес болуы керек: (1) ол әдебиет, өнер немесе ғылым саласындағы зияткерлік түпнұсқа туынды болуы тиіс; және (2) ол белгілі бір түрде берілу мүмкіндігіне ие болуы тиіс. Дәл осы позициялар бойынша Люге қарсы Ли (Jing 0491 Min Chu № 11279) ісін тыңдау жүрді, мұнда талапкер Ли Stable Diffusion (ашық кодты жасанды интеллектінің түрлендіру моделі) арқылы бастапқы мүмкіндік көмегімен «Көктемнің лебі әкелген балғындық» атты бірнеше бейне жасаған, ал жауапкер Лю осы бейнелерді пайдаланып талапкер Лидің қолын өшіріп, нысанды танымал платформаға шығармашылық контентпен алмасу үшін қойған. Осылайша, авторлық құқық шеңберінде жасалған нысанды қорғау, сонымен қатар талапкердің авторлық құқықтарының бұзылу мәселесі туындады.
Сонымен, осы істің төңірегінде жасанды интеллект жасаған нысанға авторлық құқық беруге қатысты бірнеше мәселе бірден шешілді, атап айтқанда: 1) әдеттегі фотография немесе картинадан сыртқы түрі ерекшеленбейтін бейнелер өнер сферасына жатады, белгілі бір түрде ұсынылуы мүмкін және бейнелеу өнері ретінде жіктеледі деп анықталды; 2) сот визуалды элементтерді және композицияларды бірнеше мүмкіндікті енгізу мен параметрлерді түзету арқылы, сонымен қатар ымырттағы әйелдің портреттік бейнесін үлкейтіп өзінің қалауы бойынша бейнелі таңдау жасап, өздігінен жобалау мен жетілдіруді талапкердің «ой шығармашылығы» процесіне қатысуы, оның нәтижесі механикалық құрастыру емес «түпнұсқа» жұмыс деп ұйғарды; 3) Қытайда жасалған нысандарға авторлық құқыққа оның авторы ие болады, ол жеке тұлға, заңды тұлға немесе инкорпорацияланған мекеме болуы мүмкін. Сот жасанды интеллектінің моделі автор болып табылмайды және осы жағдайда ЖИ-моделін дайындаушы бейнені жасауға қатысқан жоқ (ол тек шығармашылық құралын өндіруші ретінде қатысты) деп мәлімдеді. Оның сыртында, қолданушының лицензиясында Stability AI құралды қолданғандағы түпнұсқа мазмұнға ешқандай құқық талап етпейтінін және сақталмайтынын анық көрсетіп мәлімдеген. Осылайша, сот Ли бейненің авторы ретінде түрлендіріп жасаған бейненің заңды авторлық құқығының иесі болып табылады деп шешім шығарды.