Қытай Парламенті Патент Заңына түзетулер енгізді және ол 2020 жылдың 1 қаңтарында өз күшіне енеді
09/02/2021
Негізгі жаңа енгізілімдерӨнеркәсіптік үлгі
- Өнеркәсіптік үлгінің құқықтық қорғалуы бүкіл объектімен де, оның бөлігімен де қамтамасыз етіледі
- Өнеркәсіптік үлгіге патенттің қолданылу мерзімі 10 жылдан 15 жылға дейін ұзартылды
- Сараптама кешіктірілген жағдайда патенттің қолданылу мерзімін ұзарту мүмкіндігі (өтінім берілген күннен бастап 4 жылдан немесе сараптама жүргізу туралы сұрау салынған күннен бастап 3 жылдан астам).
- Дәрілік затты шығаруға ұзақ мерзімді рұқсат алуға байланысты «фармацевтикалық патенттің» мерзімін 5 жылға ұзарту мүмкіндігі, бұл ретте жаңа дәрілік препаратқа патенттік қорғау мерзімі 14 жылдан аспауы керек.
- Patent Linkage System жүйесін енгізу, ол «фармацевтикалық патенттің» құқықтарын бұзу заңнамасы бойынша патентке зиян келтіретін дәрілерді тіркеуді тоқтатуды сот жүйесі негізінде қарастыра алады.
- Сонымен қатар Заң, Қытай патенттік басқармасы мен Қытайдың ұлттық дәрі-дәрмектерді тіркеушісі құқықтық қорғаудф есепке ала отырып, дәрілік препараттарды тіркеудің механизмін өңдеуде.
- Ашық патенттік лицензия жүйесін енгізу.
- Патент иесінің құқықтарды бұзғаны үшін санкцияларды күшейту: шығындардың орнын толығымен өтеу, өтемақы сомасынан бес еселенген мөлшерінде айыппұл төлеу, сонымен қатар зардап мөлшерін анықтауда қиындықтар туындаған жағдайда авторлық құқық иесіне өтемақы төлеуге болады.