Қазпатент қызметі төлем тәртібінің өзгеруі
04/01/2021
Қазпатенттің ресми сайтында орналастырылған ақпаратқа сәйкес, жаңа жылдан бастап бөлім ұсынатын қызметтердің бағаларына өзгерістер енгізіледі.
1 қаңтардан бастап өтінімдерді электронды түрде беруге жеңілдіктер болмайды. Сондай-ақ, 1 қаңтардан бастап тауарлық белгілері, қызмет көрсету белгісін жаңарту және мерзімді ұзарту туралы ақпаратты жариялау бағасы 97 144,32 теңгені құрайтын болады.
«Қосымша ХКТҚ-ның әр сыныбы үшін үштен жоғары, тауарлық белгіні жаңарту, қызмет көрсету белгісі және мерзімді ұзарту туралы ақпаратты жариялау» қызметінің бағасы 16 993,76 теңге деңгейінде болады.
ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖЕҢІЛДІКТЕР
Шағын және орта бизнес үшін жоғарыда көрсетілген қызметтерге жеңілдік ұсынылады:
- 01.01.2021 мен 31.12.2021 дейінгі аралықта 50 % төлем төленсе
- 01.01.2022 мен 31.12.2022 аралығында белгіленген бағадан 25 % төлем төленсе
01.01.2023 жылдан кейін жеңілдіктер болмайды.
Өзгертулер ҚР ӘМ ҰЗМИ Директорының 23.12.2020 жылғы № 254нк бұйрығына сәйкес енгізілді .