Тауар белгісі жоқ стартап – фальстарт
24/12/2020
Қазіргі заман технологиялық және жаһандану үстінде. Идеялар шарқ ұруда, жаңа тауралар мен қызметтерге қамтылуда, сондай-ақ елден тыс жерлерге тез таралуда. Барлық жаңашылдықтар тек инвесторларды ғана қызықтырып қоймайды, онымен қатар идеяларға қызығушылық танытқан тұлғаларды өзіне қаратады. Ал, олар оны болашақта іске асыра алады. Сондықтан, кез-келген идея құқықтық қорғалуға тиіс.
Идеялар интеллектуалдық қызметтің нәтижесі болғандықтан, оларды тауар белгісі, ноу-хау, өнертабыс, авторлық немесе басқа да зиятерлік меншік объектісі ретінде тіркеу арқылы қорғауға болады. Күн сайын әлем бойынша патенттік ведомствоға мыңнан астам өтініш түседі, алайда оның ішінде ең танымалы – ол тауар белгісі.
Тауар белгісін тіркеу барысындағы ерекшеліктерТауар белгісі ретінде логотиптерді, фирманың атауын, азық-түліктің атауын, домендік атауды, слогандарды және тағы басқаларды тіркеуге болады. Стартап-компанияңыздың ажырамайтын бөлігі болып табылатын жеке тауар белгісін жаңа жобалар немесе өнім әзірлеген кезде бастаған дұрысырақ. Ол үшін белгінің барлық элементтерін жақсылап ойластырған жөн: сөздері немесе әріптері, символдары, түсі, қаріпі.
Алайда тауар белгісін жасап қана қою жеткіліксіз – оны тіркеу керек. Кәсіпорынды кез-келген меншік нысанында тіркеу компания атауын қорғайды деген сөз емес. Өйткені, нарықта сіздің атауыңызға ұқсас комапниялар жұмыс істеуі мүмкін. Сол себепті стартап-компанияның атауын қорғап қаламын десеңіздер, тауар белгісін таңдағандарыңыз жөн.
Тауар белгісін тіркеу процедурасы ұзақ жүреді. Алайда, нәтижесінде оның иесі тауар белгісін өзінше қолданудың айрықша құқығын алады, яғни қолдана алады, сата алады, тауар белгісін қолдануға рұқсат етеді немесе тыйым салады, онымен қатар ерекше құқтарды бұзғаны үшінші тұлғаларды жауапкершілікке тартады. Сонымен қатар, мұндай құқықтық қорғау таңба тіркелген елде немесе аймақта ғана жарамды болатынын ескерген жөн.
Тауар белгісі басқа да елдерде қорғалғанын қаласаңыз, әр мемлекетте тауар белгісін тіркеуге арналған өтінімдерді беру шарт немесе Мадрид жүйесі бойынша халықаралық тіркеу процедурасын қолдануға болады. Ол үшін ДЗМҰ-ның арнайы органына барлық мүдделі елдерді көрсететін бір халықаралық өтінім беру жеткілікті.
Сенімді брендті жасау үшін оның әр элементін тауар белгісі ретінде тіркеу қажет, яғни фирмалық атауын, логотипін және барлық өнімдердің атауын. Осылайша, қожайын өзінің стартап-жобасы мен бизнесіне қорғанышты қамтамасыз етеді.
ИнвестицияларСтартап-комапниялардың бизнесі инновациялар мен технологияларға негізделген. Ал, олардың қызметі көпбеген жағдайда бюджетпен шектеліп жатады.Стартаптың болашағы болсын десеңіздер, оған үлкен қаражат құю керек. Стартаптың бірегей атауы, оның идеясы мен қызмет бағытының үйлесімі – бұл нарықта өзін танытуға үлкен мүмкіндік береді.
Инвесторлар үшін стартаптың атауы – белгілі бір жобаға назар аударуға арналған зәкір секілді. Бұл стартаптың қызметі және өнімімен қауымдастық туғызады және оған инвестиция құю бойынша шешімге әсерін тигізеді. Стартап пен оның атауын қаржыландыру дегеніміз – ол кезде инвестор тек идеяны ғана емес, нарыққа осы брендпен ұсынылған идеяны да қолдау жөнінде шешім қабылдайды. Сол себепті , стартаптың атауын немесе нақты бір жобаны тауар белгісі ретінде тіркеу – бұл ивесторларды өзіңізге қаратудың бірінші қадамы.
Тауар белгісімен тіркелген стартап – аталмыш кәсіпорын өз жобасының дамуына ғана көңіл бөліп қоймайды, сондай-ақ құқықтық қорғалуына да мән береді дегенді білдіреді. Осылайша, белгілі бір жағдайда инвесторлар жобаға ресурсты құйған жағдайда тауар белгісінің тіркеліп тұрғаны болашақта үлкен рөл ойнауы мүмкін.
Тауар белгісі материалдық емес актив ретіндеТауар белгісі тек комапнияны дараландыру және тұтынушылар мен инвесторларды тарту ғана емес, ол маңызды материалдық емес актив және ол жалпы компанияның мүлік кешенінің элементі болып табылады. Жылжымайтың мүліктің немесе автокөліктің құнын бағалау қиын емес, өйткені материалдық мүлік нарығы осындай іспеттес ұсыныстармен толы. Тауар белгісінің құны нарықта осы тауар белгісімен ұсынылатын тауарларға және/немесе қызметтерге деген құндылық пен сұранысқа байланысты анықталады.
Тіркелген тауар белгісінің иесі оны доғаруға құқылы болса, онда ол өзінің тауар белгісін сатуға немесе онымен қолдануға мүмкіндік бере алады. Өнімнің болашағы үшін нарықта тауар белгісінің құны өнімнің өз бағасынан сәл көбірек болады, тіпті компанияның баланстық құнынан едәуір асып түседі. Яғни, тауар белгісімен қорғалған өнім неғұрлым әйгілі, түпнұсқалық және танымал болса, соғұрлым осындай марканың құны жоғары болады.
Осылайша, тауар белгісін жасау және тіркеу барысындағы шығындар кейінірек өзінің үлкен жемісін беретін болады.
Стартапты бақылауды қалай жоғалтпауға боладыӘдетте стартап бірнеше кезеңде өтеді: алдымен пікірлестер тобы жиналады, одан кейін компания ашылады, сосын компанияға инвестор келеді. Осы кезеңде көбінесе компания құрылтайшыларының үлесі айтарлықтай төмендейді. Өйткені, инвестор капиталға қаржысын құйған сәттен бастап, компанияның негізгі басшысы болып есептеледі. Сонымен бірге, жасаушылардың үлесі компанияның баланстық құны мөлшерінде бағаланады, сондықтан олардың акциялар пакеті бақылусыз болады.
Алайда, материалдық емес активтердің болуы компания активтерінің үлесін едәуір арттыра алады, тіпті кейде инвестордың үлесімен тең. Авторлық құқық, мәліметтер базасы немесе тауарлық белгілер объектілері ретінде компьютерлік бағдарламалардың құнын осындай объектілердің иелері белгілей алады. Шындығына келгенде, инвестор қаржыны компанияға заңды тұлға ретінде емес, керісінше брендтің өзіне ақша құяды және оның материалдық емес активтерін іске асырады. Сол себепті, компанияның капиталына үлес ретінде пайдаланылатын зияткерлік меншіктің тиісті түрде тіркелуі жасаушыларға басқаруға көмектеседі.
Стартап, IT және шетелдік стандарттарЕрежеге сәйкес, стартап-жобалар ақпараттық технология саласымен байланысты. Көп жағдайда адамдар өзінің IT-стартапын АҚШ-та ұсынуға ұмтылады. Өйткені, Америкада краудфандинг қана жақсы жолға қойылмаған, оларда бизнес-инкубаторлар да дамуда. Осылайша, қызықты IT-жоба айтарлықтай үлкен қаржыландыруды ала алады және аз уақыт ішінде халықаралық деңгейге шығады.
Жоғарыда айтып кеткеніміздей, тауар белгісі инвсторлар үшін стартаптың қызметі мұқият жоспарланған, ал оның жасаушылары өздерінің зияткерлік меншіктерін қорғаудың маңыздылығын сезінетінін көрсетеді.
Стартаптың логотипіне келетін болсақ, ол тек тауар белгісі ретінде ғана тіркеліп қоймай, сондай-ақ өнеркәсіптік үлгі ретінде де тіркеле алады. Логотип өнеркісіптік үлгі ретінде тірелген жағдайда, аталмыш процедураны Гаагскалық жүйе ретінде жасаған жөн. Аталмыш жүйеге сәйкес, ұлттық патенттік ведомствоға бірыңғай өтініш беру қажет немесе тікелей ДЗМҰ арқылы. Бұл ретте халықаралық тіркеу өтініш беруші таңдаған бірнеше қатысушы елдердің аумағында қолданылады. Соның ішінде АҚШ-та бар.
Қаржылық көзқарас бойынша, логотипті өнеркісіптік үлгі ретінде Гаагскалық жүйе үлгісінде тіркеу халықаралық тауар белгісі ретінде тіркеуге қарағанда арзанға түседі. Бірақ, аталмыш қорғаныстың деңгейі төменірек болады, ал құқықтардың бұзылуын тоқтату қиынырақ болады.
Стартап үшін тіркелмеген тауар белгісін қолдану барысының нәтижесіСтартап-компания қолданған тіркелмеген тауар белгісі үшінші тұлға тарапынан теріс пайдаланылуы мүмкін.
Сіз ұзақ уақыт бойы өз брендіңізді дамыту бойынша компанияңызды құра аласыз, ал танымалдылық өзіңізге ғана емес, сондай-ақ бәсекелестеріңізге де келетін болады. Көп жағдайда киберсквотинг, бренд-сквоттинг және патенттік троллинг болып жатады, яғни қызығушылық танытқан адамдар қызықты идеяларды іздегенде, оны тіркеуге беріп жатады, кейін оларды авторлық құқық иесіне беріп жатады. Әлемдегі көптеген елдердің заңнамасы бірінші берген өтінішке негізделген, сондықтан сіздің идеяңызды бірінші болып берген бұзушылыққа ешқандай наразылығыңызды айта алмайсыз.
Сонымен қатар, егер стартап-жоба экспортқа негізделген болса және сізді қызықтырған бірнеше елдерде басқа компаниямен тіркелсе, кеденде сіздің тауарыңыз контрафактілік болып есептелініп, тауар тәркіленеді. Одан кейін сот ісі, даулар, талап арыздар болуы ықтимал, тіпті өтемақы төлеуіңіз мүмкін.
Тауар белгісін тіркеу сіздің өніміңізді мақсатсыз пайдаланудан, көшіруден және өндіруден қорғамайды, алайда осындай қызметтің тоқталуын талап етуге, сондай-ақ үшінші тұлғалар сіздің айрықша құқығыңызды бұзғаны үшін жауапқа тартуды талап ете аласыз.
«Михайлюк, Сороколат және серіктестерінің» қызметкерлері зияткерлік меншік құқығын тіркеу және қорғау бойынша тегін кеңес беруге әрдайын дайын. Көпжылдық тәжірибеге орай, біздің мамандар сіздерге бүкіл әлем бойынша өз құқықтарыңызды жүзеге асыру бойынша көмек береді. Өздеріңізге ыңғайлы уақытта хабарлассаңыздар болады.