Қазақстанда домендік атауларды тіркеу, пайдалану және тарату ережелеріне байланысты өзгерістер күшіне енді
28/01/2020
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің No354 бұйрығымен Интернеттің қазақстандық сегментінің кеңістігінде домендік атауларды тіркеу, пайдалану және тарату бойынша ережелеріне өзгерістер енгізілді.
Домендік атау терминологиясын және домендік атау жүйесін нақтылаудан бөлек, тіркеу ережелеріне де өзгерістер енгізілді.
Домендік атауды пайдалануды тоқтата тұрудың қосымша шарттары:- қауіпсіздік сертификаты болмаған кезде (отандық немесе шетелдік);
- Интернет-ресурстарды Қазақстан аумағынан тыс аппараттық-бағдарламалық кешендерге орналастыру кезінде. Егер талаптар орындалмаса, домендік атауды пайдалануға тыйым салынуы мүмкін.