МИХАЙЛЮК, СОРОКОЛАТ ЖӘНЕ СЕРІКТЕСТЕР

Патенттік тексерілгендер

Еуразиялық өнеркәсіптік үлгілердің соңғы жаңалықтары

29/12/2020

Бұрындары жазып өткеніміздей, бірнеше елдер өнеркәсіптік үлгілерді қорғау туралы хаттаманы ратификациялады, ал Қырғызстан ратификациялау туралы құжатты Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) Бас директорына тапсырды.

2020 жылы 8- ші желтоқсанда жұмыс тобының отырысы өтті, оның барысында Еуразиялық патенттік конвенцияға сәйкес өнеркәсіптік үлгілерді қорғау жүйесін құру талқыланды. Қатысушылар арасында Еуразиялық патенттік бюроның өкілдері, сонымен қатар мүше-мемлекеттер: Әзірбайжаннан, Армениядан, Беларусиядан, Қазақстаннан, Қырғызстаннан, Ресейден және Тәжікстаннан болды. Аталмыш отырыстың қорытындысы бойынша Патенттік ережелер және өтінім беру мен өнеркәсіптік үлгілерге арналған еуразиялық патент бойынша төлем жасау туралы жобалар келісілді.

Қырғызстаннан кейін 2020 жылы 9-шы желтоқсанда Хаттаманы ратификациялау туралы грамотаны Бас директорға Әзірбайжанның БҰҰ жанындағы өкілі тапсырды.

2020 жылы 16-шы желтоқсанда Өнеркәсіптік үлгілерді қорғау туралы хаттама Тәжікстан Республикасының Жоғарғы жиналысында ратификацияланды.

2020 жылы 17-ші желтоқсанда Армения Республикасының ратификацияланған грамотасы ДЗМҚ-ның Бас директорына депозитке салынды. Армения Хаттаманы ратификациялау туралы құжатты депозитарийге сақтауға тапсырған үшінші мемлекет болды. Хаттама оны ратификациялаған алғашқы үш мемлекет үшін үшінші мемлекет ратификациялау грамотасын сақтауға тапсырғаннан кейін үш ай өткен соң күшіне енеді. 2021 жылдың 17-ші наурызынан бастап Еуразиялық өнеркәсіптік үлгілерді Қырғызстанда, Әзірбайжанда және Арменияда тіркеу мүмкін болады.

Еуразиялық патенттік конвенцияға қатысқан елдер мемлекетаралық құқықтық қорғауды құру бойынша жұмыстың бірқатар артықшылықтары бар екенін атап өтті. Бұл тиімді ынтымақтастықты, өнеркәсіп пен сауданы дамытуға, сонымен қатар аймақтардың инвестициялық әлеуетін арттыруға ықпал етеді.