COVID-19: КЕҢСЕЛЕР МЕН МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
26/03/2020
COVID-19індетіне байланысты «Михайлюк, Сороколат и партнеры» компаниясының кеңселері, сонымен қатар зияткерлік меншік бойынша аймақтық және ұлттық мекемелері берілген жағдайға қатысты бейімделу шараларын іске асырып отыр.
Біздің өкілдеріміз еліміздегі жағдайға байланысты кеңселерден немесе қашықтықтан тоқтаусыз жұмысын жалғастырып отыр. Мекемелердің жұмыс істеу кестесі туралы ақпарат төменде келтірілген.
Тәжікстан мен Түрікменстанмекемелері штаттық режимде жұмыс істейді.
2020 жылдың 18 наурызынан бастап Әзірбайжан Республикасының зияткерлік меншік Агенттігіне құжаттарды тапсыру тек қана электронды пошта арқылы мүмкін.
Армения Республикасының зияткерлік меншік Агенттігі өтініш берушілерді құжаттарын электронды қызмет немесе электронды пошта арқылы тапсыруға шақырады. Мекеме құжаттарды қағаз түрінде қабылдауды жалғастырып отыр, алайда жедел тапсырулармен шектелуді сұрап отыр.
2020 жылдың 25 наурызынан бастап Белорусия Республикасының зияткерлік меншіктің Ұлттық орталығы келушілерді қабылдауды шектеп қойды. Сұрақтар бойынша кеңесті телефон арқылы алуға болады.
Грузияның зияткерлік меншіктің Ұлттық орталығы – Sakpatenti қашықтықтан жұмыс істеу режиміне көшті.Құжаттарды электронды түрде тапсыру мен телефон немесе электронды пошта арқылы кеңес беру қызметтері қолжетімді.
2020 жылдың 16 наурыз бен 15 сәуір аралығында өтініш берушілердің жеке қабылдаулары тоқтатылды, енді телефонмен немесе онлайн режимінде кеңес алуға болады. Сонымен қатар мекеме электронды құжатайналымына көшті.
Қырғызстан Республикасының Үкіметінің зияткерлік меншік пен инновациялардың мемлекеттік қызметі қашықтықтан жұмыс істеуге көшті және тек электронды сұранымдарды қабылдайды.
Литва Республикасы үкіметінің 2020 жылдың 16 мен 30 наурыз аралығында карантинті жариялау туралы шешіміне байланысты Мемлекеттік патенттік бюросы да басқа мемлекеттік мекемелері сияқты қашықтықтан жұмыс істеу режиміне көшті. Сұранымдарды тапсыру және кеңес алу үшін мекеменің электронды қызметі және электронды пошта арқылы байланысу қолжетімді.
2020 жылдың 17 наурыз бен 15 мамыр аралығында Молдова Республикасында төтенше жағдай енгізілген, осыған орайзияткерлік меншік бойынша Мемлекеттік агенттігі онлайн жұмыс істеу режиміне көшеді. Барлық кеңестер телефонмен беріледі.
Роспатент пен ӨМФИ өз жұмысын штатты режимде жалғастырып отыр, бірақ 2020 жылдың 16 наурызы мен 8 мамыры арасында үрдістердің бірқатары қашықтықтан жұмыс істеу форматына көшетін болады. Сұранымдарды тапсыру мен бұлардың құжат айналымы барысында корреспонденцияны жіберудіэлектронды қызметтер арқылы жүзеге асыруға болады, одан басқа, тапсырудың бұндай кезінде өтініш беруші баж салығын төлегенде 30% мөлшерде жеңілдік алады. Патенттік даулар бойынша Палатамен дауларды қарастыру бойынша отырыстарды жүргізу бейнеконференциялар режиіміне ауыстырылды.
2020 жылдың 18 наурызынан бастап Өзбекстан Республикасывның зияткерлік меншік бойынша Агенттігіне сұранымдар мен құжаттарды тапсыру тек электронды пошта арқылы ғана мүмкін.
2020 жылдың 3 сәуіріне дейін сұранымдар мен құжаттардың Укрпатентпен қабылдануы электронды қызметтер, электронды пошта арқылы немесе пошталық байланыс құралдарымен жүзеге асырылатын болады. Келесілер тоқтатылады: құжаттардың жеке берілуі; қоғамдық іс-шаралар өткізу; азаматтардың тікелей қатынасу кезінде сұранымдар немесе арыздардың қарастырылуы.
2020 жылдың 20 наурыз бен 15 сәуір аралығында ЕАПМ бөлмелеріне келушілердің кіруі уақытша рұқсат етілмейтін болады. Евразиялық сұранымдар мен патенттердің құжаттарын тапсыру ЕАПМ-онлайн жүйесін қолдану арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Пошталық байланыс арқылы жіберілген құжаттардың қабылдануы қалыпты режимде жүзеге асырылады.
EUIPO істері бойынша 2020 жылдың 9 наурызынан бастап 30 сәуірге дейін бітетін барлық мерзімдер 2020 жылдың 1 мамырына дейін ұзартылды. ЕРО істері бойынша 15 наурыздан бастап бітетін немесе осы күннен соң барлық мерзімдер 2020 жылдың 17 сәуіріне дейін ұзартылды. Мекемелердің қызметкерлері қашықтықтан уақытша жұмыс істеу тәртібіне көшті, сұранымдарды онлайн-режимде тапсыру мүмкіндігі бар.
Біз берілген жағдайды бақылап, Сіздерді қандай да бір маңызды өзгерістер жайлы хабардар етіп отырамыз. Біздің көп жылғы онлайн режимінде клиенттермен жұмыс істеу тәжірибеміз арқылы біз Сізге қалыптасқан жағдайға қарамастан зияткерлік меншік нысандарына құқықтарды қорғау мен бұларды тіркеу бойынша толықтай қызмет көрсету кешенін ұсынуға дайынбыз.
Зияткерлік меншік нысандарын тіркеуге тапсырыс беру немесе кеңес алу үшін Сіз өзіңізге қолайлы кез-келген тәсілмен бізбен хабарласа аласыз.