МИХАЙЛЮК, СОРОКОЛАТ ЖӘНЕ СЕРІКТЕСТЕР

Патенттік тексерілгендер

BREXIT, САУДА МАРКАСЫ, ӨНЕРКӘСІПТІК ҮЛГІЛЕР

29/12/2020

Ұлыбританияның Еуропалық Одақтан шығуының оң және теріс жақтары да бар. Брексит қоғамдық және саяси өмірдің, бизнестің және қолданыстағы заңнаманың көптеген аспектілеріне әсер етті. Зияткерлік меншік саласы да бұдан тыс қалмады.

Ұлыбританияның Еуропалық Одаққа мүшелік кезеңінде тіркелген объектілердің жұмысын құқықтық реттеу өзекті құқықтық мәселелердің бірі болып табылады.

Ұлыбританияның Еуропалық Одақтан шығуының ұзақ процесі 2016 жылғы референдумнан басталды. Сол кездері Ұлыбритания, Ирландия, Достастық елдерінің азаматтары және шетелде 15 жылға толмай өмір сұрген британдық азаматтарының 52% -ы Брекситті қолдап дауыс берді. Үш жарым жылдан кейін, яғни 2020 жылдың 1 ақпанында Ұлыбритания ЕО-дан ресми түрде шықты.

Бұрын хабарланғанымыздай, осы жылдың басында Ұлыбританияның Еуропалық Одақтан шығуы туралы келісім ратификацияланды, оған сәйкес екі тараптың да өтпелі кезеңі 2020 жылдың 1 ақпанынан басталды. Еуропалық Одақ заңнамасы Ұлыбританияның аумағында тек 2020 жылдың соңына дейін әрекет етеді.

БРЕКСИТ ЖӘНЕ ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК

Ұлыбританияның Еуропалық Одақтан шығуы өнертабыстарды патенттеуге және авторлық құқықты тіркеуге әсер етпейді. Бұл Еуропалық патенттік бюро Еуропалық Одақпен заңды түрде байланыспағандығына байланысты. Тиісінше, жоғарыда аталған зияткерлік меншік объектілеріне құқықтық қорғауды алу үшін Еуропалық патенттік бюроға өтінім беру қажет болады.

Алайда, өзгерістер Еуропалық Одақтың зияткерлік меншік кеңсесінде (EUIPO) тіркелген сауда белгілері мен өнеркәсіптік үлгілерді тіркеу процедурасына әсер етеді. Сонымен, келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуропалық Одақтың сауда белгілері мен өнеркәсіптік үлгілері Ұлыбританияда қорғалмайды. 2021 жылдың басынан бастап Ұлыбританияда сауда маркасы мен өнеркәсіптік дизайн құқығын алу үшін өтінімдерді Ұлыбританияның ұлттық IPO-ға (UKIPO) тікелей беру қажет болады.

Бреситке байланысты өтпелі кезеңде және одан кейінгі кезең бойынша зияткерлік меншік саласын реттеуге бағытталған бірқатар уақытша шараларды қабылдау туралы шешім қабылданды.

БРЕКСИТ И САУДА МАРКАЛАРЫ

Біріккен Корольдіктің зияткерлік меншік басқармасы 2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша тіркелген Еуроодақтың барлық сауда белгілерін өздерінің ұлттық тізілімдеріне көшіреді. Мұндай қайталанатын тіркеулер ЕО-дағы алдыңғы тіркеуден туындаған бірқатар сипаттамаларға ие болады.

САУДА МАРКАСЫ АРТЫНАН НЕ САҚТАЛАДЫ

  • ЕО-ға өтініш беру күні;
  • Құқықтық мәртебе (басқаша айтқанда, авторлық құқық иелері объектіге қатысты өз құқықтарын толықтай сақтайды: олар құқықтардың ауысуын тіркей алады, лицензиялық келісімдер жасай алады, сотта өз құқықтарын қорғай алады және т.б.);
  • Басымдылық.

БРЕКСИТ ЖӘНЕ ӨНЕРКІСІПТІК ҮЛГІЛЕР

Өтпелі кезең аяқталғаннан кейін Еуропалық Одақтың тіркелген және тіркелмеген өнеркәсіптік үлгілері Ұлыбританияның аумағында заңды қорғауға ие болмайды. Бұл жағдайда Еуропалық Одақтың тіркелген өнеркәсіптік үлгілері иелерінің барлық қолданыстағы құқықтары Ұлыбритания кеңсесінде ұлттық өнеркәсіптік үлгілер ретінде автоматты түрде қайта тіркеледі.

ӨНЕРКІСІПТІК ҮЛГІ АРТЫНДА НЕ САҚТАЛАДЫ

  • Өтініш беру күні;
  • Еуроодақтың өнеркісіптік үлгісі тіркелген қолданыстағы жаңарту күніне сәйкес ұзарту күні;
  • Басымдылық.

Сонымен бірге, меншік құқығын растайтын құжаттардың иелеріне егер олар өзгертілген болса, меншікті растайтын деректерді алдын-ала жаңартып отыруға кеңес беріледі. Осылайша, кейіннен қорғау құжаттарының көшірмелерін жасаған кезде ақпарат өзекті болады.

Өтпелі кезең аяқталғанға дейін (2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін) Еуропалық Одақтың зияткерлік меншік бюросына тауарлық белгіні немесе өнеркәсіптік үлгіні тіркеуге өтінім берген кезде және өтінімді өңдеу аяқталмаған жағдайда, Ұлыбританияда өтінім берушіге 9 айлық жеңілдік беріледі. Осы кезең уақытында Ұлыбритания кеңсесіне өтініш берген кезде еуропалық өтінім бойынша басымдылықтарды талап етуге болады. Осы мерзім аяқталғаннан кейін Ұлыбритания кеңсесіне Париж конвенциясында белгіленген мерзімде өтініш берген кезде еуропалық өтінімнің басымдығын талап етуге болады - бұл ЕС-ке өтінім берілген күннен бастап 6 ай.