МИХАЙЛЮК, СОРОКОЛАТ ЖӘНЕ СЕРІКТЕСТЕР

Патенттік тексерілгендер

"Михайлюк, Сороколат және серіктестер" компаниясы – Қазақстандағы өнеркәсіптік үлгілерге электронды өтінім беру бойынша көшбасшы.

02/07/2019

Ұлттық зияткерлік меншік институты 2019 жылдың 1 жарты жылдығының қорытындысын шығарып және зияткерлік меншік объектілеріне өтінімді электронды түрде беру бойынша көшбасшылардың тізімін жариялады. Бұл жолы "Михайлюк, Сороколат және серіктестер" өнеркәсіптік үлгілерге өтінімдерді электронды түрде беру бойынша бірінші орынға ие болды және өнертабыстар мен пайдалы модельдерге өтінімдер беру бойынша көшбасшылардың бестігіне кірді.

Естеріңізге сала кетейік, электронды өтінім берудің артықшылығы ресми баж салығына 15% жеңілдік, сондай-ақ құжаттарды жіберуге жұмсалған уақытты үнемдеуге көмектесетін өтінім нөмірін лезде беру болып табылады.

Зияткерлік меншік құқығын тіркеу және қорғау мәселелерінде біздің компанияның таңдағандары үшін клиенттерге алғысымызды білдіреміз. Біздің компанияның мамандары әрдайым білікті кеңес беруге және зияткерлік меншікке құқықтарды қорғаудың ең тиімді әдісін ұсынуға дайын.