Патенттік өтінімді тіркеу үшін үш маңызды элемент қамтылуы керек. "Патенттік қабілеттіліктің үш шарты" патенттік өтінімде мәлімделген өнертабыстың жаңашылдығын, өндірістік қолданылуын, техника деңгейін талап етеді.
Сондықтан патенттік өтінім үшін "жаңашылдық" немесе жаңалық элементі өте маңызды. Еуропалық Патенттік Конвенцияға (ЕПК) сәйкес өнертабыс "техника деңгейінің бөлігіне жатпаса", жаңалық деп табылады.
Техника деңгейі патентке өтінім беру күніне дейін кез келген тәсілмен ашылған немесе көпшілікке қолжетімді болған патенттік өтінімге жататын өнертабысқа қатысты кез келген объект ретінде анықталады. Мұндай объект өнім, процесс немесе мәлімделген өнертабысқа қатысты басқа да кез келген тиісті ақпаратты қамтуы мүмкін.
Патентке өтінім бергенге дейін қандай да бір себептермен жаңалық жарияланған жағдайда жаңашылдық талабы орындалмай, өнертабыс тіркеуге жатпайтын болып табылуы мүмкін.
Екінші жағынан, көптеген юрисдикциялардағы патенттік заңнама жаңалықтың жеңілдік кезеңін ұсынады. Бұл белгілі бір уақыт кезеңін құрайды, әдетте, жекеленген елдерге байланысты өтінім берген күннен бастап 6 немесе 12 ай. Мысалы, АҚШ пен Канада басқа елдермен қатар 12 ай жеңілдік кезеңін қарастырады, ал екінші бір елдер, мысалы, Франция және Ұлыбритания үміткерлерге жаңалық үшін 6 айлық жеңілдік кезеңін береді.
Жеңілдік кезеңі мерзімінің ішінде патенттік өтінім материалдарына немесе объектісіне қатысты кез келген жаңа ашылу өнертабыстың жаңашылдығы талабына нұсқан келтірмейтініне кепілдік береді.
Кез келген заңнамаға тән әр юрисдикцияда өтінім беруші жаңалықтың жеңілдік кезеңін пайдалана алуы үшін әртүрлі шарттар белгіленеді. Кейбір елдер жеңілдік кезеңі барысында ресми танылған іс-шараларда ашылған, мысалы, ресми көрмеге қойылған немесе ғылыми таныстырылым жасалған жаңалықтарды рұқсат етілген деп таниды. Екінші бір юрисдикциялар мұндай ашуды үшінші тарап теріс ниетпен жасаған болса,тиісті дәлелдемелер ұсынған кезде техника деңгейінен алып тастайды.
Егер ақпараттың қандай да бір рұқсат етілмеген ашылуы жасалса, оны "техника деңгейінің" бөлігі ретінде жіктейді. Техника деңгейі патенттік өтінімдегі өнертабысқа табиғаты жағынан ұқсас және өтінім беру күніне дейін ашылған кез келген нәрсені құрайды.
Техника деңгейі мақалаларды, ғылыми мерзімді басылымдарды, қаралып жатқан патенттік өтінімдерді, коммерциялық қолжетімді және қолжетімсіз өнімдерді, ауызша таныстырылымдарды, тіпті әлеуметтік желі контентін қоса алғанда, кең ауқымды материалдарды қамтуы мүмкін. Кез келген жаңалыққа қатысты жалғыз ерекшелік, егер объект мемлекеттік, коммерциялық немесе басқа да қолданылатын жағдайларға қатысты құпия болып табылса, немесе материал мазмұны жеткіліксіз ашылса, алдыңғы техника деңгейі деп саналады.
Алдыңғы техника деңгейі кең ауқымды ұғым болғандықтан, IP өтінім берушілер кез келген алдыңғы ашылған жаңалықтарды мұқият және егжей-тегжейлі талдауға міндетті. Осыған қатысты іздеу жұмысы өте пайдалы. Мысалы, PCT өтінімі іздеу жұмыстарын құзыретті Халықаралық Іздеу Ведомствосы (ISA) жүргізетін халықаралық өтінімге жатады, нәтижесінде Халықарлық Іздеу Есебі (ISR) жасалады.
ISR халықаралық өтінімде қамтылған объектінің патент қабілеттілігіне әсер етуі мүмкін кез келген техниканың алдыңғы танымал нұсқаларының толық тізімін көрсетеді. Халықаралық өтінімде мәлімделген өнертабыстың патенттік қабілеттілік шарттарын қанағаттандыру жағдайы туралы халықаралық іздеу нәтижесінің алдын ала жазбаша пікірін уәкілетті орган (WOISA) ұсынады. Осыған ұқсас іздеу жұмыстары юрисдикцияларға байланысты ұлттық және аймақтық патенттік өтінімдер бойынша жүргізілуі мүмкін.