МИХАЙЛЮК, СОРОКОЛАТ ЖӘНЕ СЕРІКТЕСТЕР

Патенттік тексерілгендер
PPH

PPH

PPH арқылы патентті қалай тез алуға болады?

PPH немесе патенттік іздеу—қатысушы патенттік ведомстволар арасында іздеу/немесе сараптама нәтижелерімен бөлісу арқылы әлем бойынша патенттік іздеу процесін жеңілдету үшін жасалған жүйе.

Рәсім былай жұмыс істейді. Сіз өтінім материалдарын жіберсіз және АСВ-ден (Алдын ала Сараптама Ведомствосы) сараптауды сұрайсыз. АСВ мәні бойынша сараптама жасайды және оң нәтиже береді. Сосын осы ақпаратты, қаласаңыз, екінші ведомствоға КСВ (Кейінгі Сараптама Ведомствосы) жіберуге болады.

Осылайша, басқа патенттік ведомстводан алынған нәтижелер сараптама процесін жеңілдетеді және тездетеді.

Бағдарламаны пайдалану үшін, біріншіден, сізге қажет АСВ және КСВ арасында PPH келісімінің бар-жоғын тексеру керек. Келісім бар болса, бірінші және екінші өтінімдер ең ерте басымдыққа ие жағдайында, олардың талаптары сәйкес келсе және АСВ-ның оң нәтижесі болса, КСВ-ға өтінім жібере аласыз. Сонымен қатар, PPH өтінімі тек КСВ-да мәні бойынша сараптама басталғанға дейін жіберіледі.

PPH өтінімі—патенттік іздеу кезеңінде қаржыны үнемдеуге және өтінімді сараптау процесін жеңілдетуге жақсы мүмкіндік. Дұрыс әрекет ету мен КСВ-дан оң шешім алу үшін кәсіби патенттік сенімді өкілден кеңес алуды ұсынамыз.

Читать дальше