МИХАЙЛЮК, СОРОКОЛАТ ЖӘНЕ СЕРІКТЕСТЕР

Патенттік тексерілгендер
Өнеркәсіптік үлгінің Халықаралық (Locarno) жіктелуі

Өнеркәсіптік үлгінің Халықаралық (Locarno) жіктелуі

Локарно (Locarno) немесе Халықаралық жіктеу— өнеркәсіптік үлгілерге арналған жіктеу, тіркелетін тауарлардың кластарын анықтау үшін қолданылатын жүйе. Жіктеу бастапқыда шарт ретінде 1968 жылы жасалып, Локарно келісімімен құрылған және Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымына (ДЗМҰ) қарайды.

Локарно жіктеуі ДЗМҰ-ының ресми IP-порталында ағылшын және француз тілдерінде жарияланады, онлайн қолжетімді. Жіктеуді сарапшылар комитеті үздіксіз қайта қарап отырады және 1 қаңтардан бастап екі жылда бір рет жаңартылып жарияланады.

Локарно жіктеуі өнеркәсіптік үлгілер ретінде тіркелген тауарларға қатысты 32 жеке кластардың тізімін, сондай-ақ тиісті ішкі кластарды қамтиды. Кластар да, ішкі кластар да тауарлардың қай түріне жататыны туралы жалпылама сілтемені қарастырады.

Жіктеуде өнеркәсіптік үлгінің кластары мен ішкі кластарына қатысты алфавиттік тәртіппен берілген тауарлардың тізімі көрсетіледі. Тізім ағылшын тілінде 5000-нан астам жазбаны қамтиды және түсініктемесімен бірге үлгінің жіктелуі туралы терең мағлұмат береді.

Локарно келісіміне қатысушы тараптардың барлық құзыретті Ұлттық ведомстволары өздерінің ресми құжаттары мен жарияланымдарында үлгілердің кластары мен ішкі кластарының нөмірін Локарно жіктеуіне сәйкес пайдалануға міндетті. Дегенмен, жіктеуді Африканың зияткерлік меншік ұйымы (OAPI), Африканың аймақтық зияткерлік меншік ұйымы (ARIPO), Бенилюкс зияткерлік меншік ведомствосы (BOIP) Еуропалық Одақтың зияткерлік меншік ведомствосы (EUIPO), сонымен қатар Гаага жүйесі контекстіндегі ДЗМҰ-ның Халықаралық бюросы да пайдаланады. Қазіргі уақытта Локарно келісіміне 60 мемлекет кіреді.

Локарно жіктеуі пайдаланушыларға өтінім берілетін өнеркәсіптік үлгілерді біркелкі жүйені қолданып жіктеуді ұсынатын көп қырлы жүйе болып табылады. Бұл өз кезегінде әрбір ұлттық жіктеу жүйесіне сәйкес бірнеше юрисдикцияларда үлгіні қорғауға өтінім бергенде тауарларды қайта жіктеу қажеттігін болдырмайды, сондай-ақ өнеркәсіптік үлгілерді іздеуді жүргізуге көмектеседі.

Егер сіз өнеркәсіптік үлгіні қорғауға өтінім беруге қызығушылық танытсаңыз, Локарно жіктеуі жайлы толығырақ білгіңіз келсе, бізге хабарласыңыз.