MIKHAILYUK SOROKOLAT & PARTNERS

Patent and Trademark Attorneys

Warning: Use of undefined constant php - assumed 'php' (this will throw an Error in a future version of PHP) in /var/www/vhosts/msp.kz/httpdocs/kz/news/index.php on line 81

АРХИВ: 2019
12/01/2022

БЕЛАРУССИЯДАҒЫ БАЗАЛЫҚ ШАМАНЫҢ ӨСУІ

Беларусь Республикасы Министрлер Кеңесінің "базалық шаманың мөлшерін белгілеу туралы" №792 қаулысына сәйкес базалық шама 32 Беларусь рублі мөлшерінде белгіленді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 рубльге артық. Осы қаулы 2022 жылғы 1 қаңтарда күшіне енді.

Осы өзгерістерге байланысты Зияткерлік меншік объектілерін тіркеуге және күшінде ұстауға/қолданылу мерзімдерін ұзартуға байланысты іс-әрекеттер үшін алынатын ресми баждардың мөлшері тиісінше ұлғайтылды.

Біздің компания Сіздерге Беларусь Республикасының аумағында зияткерлік меншік объектілерін тіркеу бойынша қызметтер кешенін көрсетуге қуанышты болады. Қызметтердің құнын есептеу үшін Сізге ыңғайлы кез келген тәсілмен бізге хабарласыңыз.