MIKHAILYUK SOROKOLAT & PARTNERS

Patent and Trademark Attorneys

АРХИВ: 2019
15/01/2020

2020 ж 1 қаңтарында ТҚХС 11 басылымы күшіне енді

Ницца Келісіміне (1957 ж 15 маусымындағы) сәйкес жасалған Тауарлар мен қызметтердің халықаралық сыныптамасының жаңа басылымы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап өз күшіне енді. ТҚХС жаңа нұсқасына санаттардың тақырыбына, тауарлар мен қызметтердің тізбесіне 300 артық өзгертулер мен қосымшалар, сонымен қатар жаңа терминдер мен санаттардың тақырыптары қосылды.

Барлық жаңа енгізілімдер тізбесі төмендегі кестеде көрсетілген. Сонымен қатар, ТҚХС санаттары бойынша топталған өзекті тауарлар мен қызметтер тізбесі біздің сайтта қол жетімді екенін естеріңізге саламыз.

2020 жылдың 1 қаңтарына дейін тіркелген тауарлық белгілер мен тауарлық белгілерге өтінімдерге, тауарлар мен қызметтер тізбесіне қатысты өзгерістер енгізу қажеттілігі жоқ екенін айта кету керек.